Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданына қарасты Қалжан ахун ауылы аудан орталығына жақын орналасқан елді мекеннің бірі. Киелі мекен дін қайраткерінің есімімен аталады. Мұнда ғұлама ұстаздың мешіт-медресесі бар. Ауыл халқы 215 отбасын құрап, онда 1130 халық тұрады. Оның ішінде 3 тыл ардагері, 114 зейнеткер, 30 мүмкіндігі шектеулі жандар, 20 Алтын алқа және 17 Күміс алқа иелері бар.

Ауылдық округ әкімі Ғалымжан Әкбарұлы ауылда атқарылған жұмыс барысы туралы әңгімелейді.
Ең бірінші газдандыру мәселесіне тоқталған ауыл әкімі:

Елді мекенін газдандыру жұмыстары бойынша республикалық бюджеттен 298,0 млн теңге қаржы бөлініп, облыстық бюджеттен 32,5 млн теңге барлығы 330,5 млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, ауылдағы спорт алаңына жасанды жабынды төсеу жұмысы бойынша "Сүндетбай" шаруа қожалығы 4,2 млн теңгеге демеушілік көрсетіп, жасанды төсеніш төселіп, сырлау, жарықтандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Ауылдағы Қайқы батыр көшесін жөндеу жұмыстарына байланысты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарымен бірлесіп ақау актісі жасалып, аудандық мәслихат депутаты, "БАҚ" шаруа қожалығының төрағасы С.Әбжалиевтің демеушілік көрсетуімен жобалық сметалық құжаты дайындалды. 2023 жылы жөндеу жұмыстарына қаржысы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар «Ескі Бостандық» каналының су жүрмей қалған тұстарына демеушілер көмегімен тазалау жұмысын жүргізу мәселесі бойынша "Ескі Бостандық" каналының су жүрмей қалған тұстарын тазалау жұмыстарын "БАҚ", "Нұрбек", "Сүндетбай" шаруа қожалықтары елді мекенге аяқ су беру маусымы басталған уақытқа дейін тазалау жұмыстарын атқарды.

Ауылдық фельдшерлік акушерлік бекетінің (ФАБ) ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 47,8 млн. теңге бөлініп,аудандық аурухана арқылы қүжаттары дайындалып мемлекеттік сатып алу жұмыстары жұргізуге облыстық  денсаулық сақтау басқармасына ұсынылды.

Атқарылған жұмыстардың қатарында балалар ойын алаңын жөндеу бойынша ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері балалар ойын алаңының қоршауы бағандарының, әткеншектердің, сырғанақтардың түптерін бетондап, орындықтарын жасанды терімен қаптап, жөндеу жұмыстары бар. 

№126 орта мектептің әжетхана құрылысын жүргізуге білім бөлімі тарапынан жалпы құны 22,7 млн. теңге болатын жобалық смета құжат дайндалып, облыстық тиісті басқармаға қаржыландырылуға енгізілді.

Қалжан ахун ауылдық округі әкімінің аппаратының 2022 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша 69623,2мың теңге болып нақтыланып, 1 қаңтарға 69401,6 мың теңге 99,7 пайызға игерілді.

2023 жылдың 1 қаңтарына жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы жоспары 81 мың теңге болса, орындалуы 83,9мың теңге 103,6 пайызға, көлік құралдары салығы жоспары 1560,0 мың теңге орындалуы 1273,7 теңге  81,6 пайызға болып орындалды, салықтан тыс түсімдер 124,5 мың теңгеге жоспраланып 195,7 пайыз орындалды.

Санитарлық тазалық, көркейту жұмыстарына тоқталған ауыл әкімі «БАҚ» шаруа қожалығымен 500,0 мың теңгеге келісім шартқа отырып, ауылдағы қораларды тазалау жұмыстары, көшедегі қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар көшелерді ластап, бей берекет жүрген малдарды елді мекен сыртына айдап шығаруға 2 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. 

Ауылда қоғамдық кеңес, үкіметтік емес ұйымдары белсенді жұмыс жасайды. Аудан әкімінің Қалжан ахун ауылында шешімін табуы тиіс әлеуметтік және экономикалық мәселелерді жергілікті қоғамдастық жиналысында қарап, қоғамдастық мүшелерінің келісімімен ұсынылуын назарда ұстасын тапсырмасына сәйкес, қоғамдастық жиынында елді мекендегі проблемалық мәселелер көтеріліп, талқыланып келеді.  

2022-2023 оқу жылында мектептегі 2 даярлық сыныбында 26 бала тәрбиеленді. Оқу жылында мектептегі сыныптар саны – 15, оқушылар саны – 216. Оқушылар екі ауысымда оқиды. Былтырғы оқу жылында 12 оқушы мектеп бітіріп, 12 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Орташа балл 70. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 12 оқушының 12-і мемлекеттік грант иегері атанды. 

Мектептегі жалпы мұғалімдердің саны – 46. Оның ішінде  41 мұғалім жоғары білімді, 5-уі арнаулы орта білімді. Мектеп толық педагог мамандармен қамтылған. Мұғалімдердің біліктілік санаттары бойынша 6 мұғалімде педагог-зерттеуші, 17 мұғалімде педагог-сарапшы, 19 мұғалімде  педагог-модератор біліктілік санаты бар.

«Гүлдер» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны барлығы 2-5 жас аралығында 3 топпен 70 бала қабылданып, тәрбиеленуде. Балабақшада 24 қызметкер бар.  Педагогтар саны – 11, оның  ішінде жоғары білімді мамандар саны – 9, модератор санатында – 2 педагог, сарапшы санатында – 3 педагог жұмыс жасайды. 

Ауылдық клубта 5 үйірме жұмыс жасайды, оған 56 өнерпаз тартылған. 2022 жылдың 12 айында 41 мәдени көпшілік іс-шара өткізілген.
Кітапханада 22809 кітап қоры, 660 оқырманы  бар және 8 орындық оқу залы бар. Жыл көлемінде көркем әдебиеттер мен балалар әдебиеттерін насихаттау тақырыптары бойынша 63 мәдени іс-шара өткізілді.

Қалжан ахун ауылының тұрғындарына 1 фельдшерлік акушерлік пунктте 3 орта буын қызметкері медициналық қызмет көрсетеді. Өткен жылы ауылда туу 22 бала дүниеге келген.

– Ауыл шаруашылығы құрылымдары 2022 жылы барлығы 1227 гектар жерге күріш (өнімділігі 54,7 ц/га, барлығы 67109 ц), жаңа жоңышқа 157 га (өнімділігі 1,0 ц/га, барлығы 157 ц), ескі жоңышқа 337 га (өнімділігі 26,2 ц/га, барлығы 7530ц), картоп 11 га (өнімділігі 180 ц/га, барлығы 1980 ц), көкөніс 9 га (өнімділігі 195 ц/га, барлығы 1755 ц), бақша дақылдары 10 га (өнімділігі 206 ц/га, барлығы 2060 ц) орналастырылды.
«БАҚ» шаруа қожалығы 523 га күріш, 87 га жаңа жоңышқа, 180 га ескі жоңышқа,    «Нұрбек» шаруа қожалығы 550 га күріш, 70 га жаңа жоңышқа, 130 га ескі жоңышқа,«Бекпенбетова» шаруа қожалығы 31 га жерге күріш,27 га ескі жоңышқа, «Сүндетбай» шаруа қожалығы 123 га жерге күріш орналастырды. "Қыдырбаев" шаруа қожалығы 3 га жерге көкөніс, картоп, бақша өнімдерін орналастырды.
Сонымен қатар, 2022 жылы ауылдық округ бойынша жеке құрылымдар есебінен 27 га жерге көкөніс, бау бақша, картоп дақылдарын екті.
Ауылдық округ бойынша 2022 жылы ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының есебінде 856 бас ірі қара, 827 бас уақ мал, 668 бас жылқы және 399 бас құс тіркелген, – дейді ауыл әкімі. 

Жыл бойына ауылдағы шаруашылық құрылымдары мен жеке тұлғалар 9189,0мың теңге көлемінде әртүрлі демеушіліктер жасаған. «Нұрбек» фермер қожалығы, «БАҚ» шаруа қожалығы, «Сүндетбай» шаруа қожалығы, жеке тұлғалар қайымыдылық іс-шараларына қатысқан. Сонымен қатар "Углесбыт" ЖШС тұрмысы төмен 1 отбасына тұрғын үй құрылысына, 1-маусым балаларды қорғау күніне Қызылорда қаласы тұрғыны Б.Еркебаев, ауылдық округі әкімі аппараты ұжымы демеушілік жасады.   

Ауылдық округ бойынша 2023 жылы 1 қаңтарына 510 экономикалық белсенді халық тіркелген. Жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған 64 адамның 20-ы тұрақты жұмысқа, 30-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, 5 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 8-і жастар тәжірибесіне, 1-і алғашқы жұмыс орнына, 1-і ұрпақтар келісімі жобасына жолданған. 
2022 жылы ауылдық округ бойынша 11 отбасының 62 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырып, қаржылай және азық-түлік пакеттері көмегін алған. 

Қалжан ахун ауылдық округінде тіркелген кәсіпкерлер субъектілерінің саны – 67, оның ішінде: жеке кәсіпкерлер – 50, шаруа қожалықтары – 17.  «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша 6,0 млн.теңгені құрайтын «Айналым қаражатын толықтыру (құрал жабдықтар алу)»,«Мал басын көбейту (жылқы)»2 жобасы (Маханбетова Гулмира 2,0 млн теңге, Бакуов Марат 4,0 млн. теңге )қаржыландырылды. Жылқы басын көбейту – құны 7,0 млн теңге, жоба үйлестірушісі Қыдырбаев Төрехан (Сырдария-1 несие серіктестік) арқылы қаржыландырылды. 

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант бойынша барлығы 11 жоба 13,5 млн теңгеге қаржыландырылды. 

«КазАгроҚаржы» АҚ арқылы және жеке қаражат есебінен ауылшаруашылығы техникасы мен құрал жабдық алғандар: «Нұрбек» ф/қ – құны 11,5 млн теңге (лазерный планировщик), «Бақ» ш/қ – құны 11,5 млн теңге (лазерный планировщик).

2023 жылы атқару жоспарланған жұмыстар жайында айтқан ауыл әкімі ең алдымен Қайқы батыр көшесін орташа жөндеу жұмыстары, Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау жобалық сметалық құжатын дайындау демеушілік есебінен, Қалжан ахун елді мекенін газдандыру жұмыстары жүргізілетініне тоқталды. Сондай-ақ ауылдық ФАБ ғимаратын күрделі жөндеу, №126 орта мектептің әжетхана құрылысын жүргізу, "Ескі Бостандық" каналын күрделі жөндеу жұмыстары, тұрмыстық қатты қалдық жинайтын аймақ құрылысы, Қалжан ахун Бөлекбайұлы сағанасының төбесін жабу алдағы жылдың жоспарында орындалатын мәселелер.
 

Тағы да оқыңыз: