Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ өкілдері бөлшек инвесторлармен кездесті. Жиын «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX) мен Қазақстан қор биржасына (KASE) шыққан ҚМГ-нің жергілікті IPO-сын жан-жақты және кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған роудшоу шеңберінде өтті.

Кездесуде спикерлер ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің аға менеджері Дамир Мамытов, «ҚазМұнайГаз» АҚ қаржы департаментінің аға маманы Нұрдаулет Нұрыш, «SkyBridge Invest» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің бас менеджері Нургуль Амирханова, «Фридом Финанс» АҚ-ның Қызылорда қаласындағы филиалдың өңірлік директоры Берік Сыдық сөз сөйледі.

Роудшоу барысында Қазақстан Республикасының халқына ҚМГ қызметі, инвестициялық тартымдылық факторлары және компанияның дивиденд бойынша саясаты туралы толық ақпарат, сондай-ақ IPO шеңберінде акцияларды ұсыну шарттары мен оларды сатып алуға өтінім беру рәсімі туралы мәлімет берілді.

14-25 қараша аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ роудшоуының шеңберінде бөлшек инвесторлармен кездесулер 17 облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда өтеді: Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау, Қонаев, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал, Семей, Ақтау, Қызылорда, Қостанай және Павлодар. Роудшоу кестесімен ҚМГ веб-сайтында танысуға болады.

2022 жылы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ және Қазақстанның мұнай-газ саласының көшбасшысы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ акцияларын бастапқы жария ұсынатынын растады, оның барысында Қор ҚМГ-нің өзіне тиесілі 90,42 % акцияларынан компанияның 30 505 974 жай акциясын сатады. Осылайша, IPO шеңберінде ұсынылған акциялар көлемі ҚМГ-нің жарияланған барлық акциясының жалпы санының 5%-на дейін жетеді.

ҚМГ ІРО-сы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жүзеге асыру барысында өткізіліп жатыр. ҚМГ-нің IPO-ға шығарылған бір жай акциясының құны - 8 406 тенге. 

Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 2022 жылы 9 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталды және институционалды инвесторлар үшін 2022 жылы 30 қарашада сағат 18:00-де, ал бөлшек инвесторлар үшін 2022 жылы 2 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де аяқталады.
 

315762160_1315087622585765_3477378628881444603_n.jpg

Тағы да оқыңыз: