Kyzylorda-news.kz. 2020-2024 жылдары құны 42 трлн теңге болатын 4 мың инвестициялық жоба пулы жасалады,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен алдағы екі жылға 250 млрд теңге бөлінеді. 5 жыл ішінде бұл қаржы екі есеге өседі. Одан бөлек, 3 жылға табыс салығынан босатылған бизнес саласы 382 млрд теңге үнемдейді. Осылайша, кәсіпкерлер айналым қаражатын толықтыра алады. Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауының алғашқы нәтижелерінің бірі. Жалпы, соңғы 5 жылда шағын және орта бизнес субьектілерінің саны бір жарым есе өскен. Еңбекке қабілетті халықтың 30 проценті осы салада жұмыс істейді. Президент тапсырмасымен 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап кәсіпкерлік нысандарын тексеру бойынша 3 жылға мораторий енгізіледі.

«Бұл – мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі. Орташа есеппен 3 жыл ішінде 100 мыңға жуық тексеру жүргізілмейді. Бұл әкімшілік жүктемені азайтуға, бизнес-ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бизнесті оңай жүргізуге және бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді», – дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Тағы да оқыңыз: