Kyzylorda-news.kz. Аймақ бойынша аудандарды газдандыру кезең-кезеңімен іске асырылып жатқаны бесенеден белгілі. Өңірімізді кешенді газдандырудың алғашқы кезеңінде аудан орталықтары көгілдір отынға қол жеткізгені мәлім. Енді осы газдандырудың келесі кезеңі іске асып, соның аясында елді мекендерді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде екен. Бұл орайда ауданға қарасты Қалжан ахун ауылының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көреді деп күтілуде. Бұл – елді мекен тұрғындары үшін жағымды жаңалық болып табылады.

Аудан орталығы табиғи газға қосылғаннан кейін елді мекендерді газдандыру жұмыстарына басымдық берілу үстінде. Мысалы, Тереңөзек кентіне жақын орналасқан Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағамбетов және Шаған ауылдарына табиғи газ жеткізуге жұмыстар жүргізілуде. Соның негізінде бүгінгі таңда елді мекендерді газдандыруға байланысты жобалық-сметалық құжаттар дайындалған, сараптамадан өтіп, қаржысы шешілген ауыл бар.

Өткен жылдың қорытындысымен облыста тұрғындардың газ тұтыну деңгейі 68 пайызға жеткен. Алдағы 3 жылға 2023-2025 жылдарға арналған жоспар бойынша 45 елді мекенді көгілдір отынмен қамту жоспарға кіргізліген. Нәтижесінде, 2025 жылдың соңына қарай газдандырылған елді мекендер саны 70-ке жетеді де күтілуде. Оның қатарында ауданға қарасты елді мекендер бар. Бұл жұмыстың бастамасы аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлының қолдауымен биыл іске асады. Ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету Қалжан ахун елді мекенінен бастау алмақ. Аталған ауылды газдандырудың жалпы құны – 330 млн 586 мың теңге. Республикалық бюджеттен осының 298 млн теңге қаржысы бөлінсе, қалғаны облыстық бюджеттен қаралады деп күтілуде. Қазіргі таңда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Ауыл ішінде жүргізілетін газ құбырының жалпы ұзындығы 19,7 шақырымды құрайды, – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Бисембаев.

Әрине, газды елді мекенге жеткізу, көшелерде газ құбырларын жүргізу жұмыстары белгілі бір уақытты алады. Десе де ауыл халқының көгілдір отынның игілігін көретін күні алыс емес. Себебі, тиісті қаржысы бөлініп қойған, енді осы жұмыстарды сапалы атқаратын мамандар анықталуы қажет-ақ.

Осы орайда ауданда газ тарату жұмыстарын үйлестіретін мекеме мамандары Қалжан ахун ауылының халқымен алдын ала кездесіп, қауіпсіздік шараларын, үйге табиғи газ орнатудың алғышарттарын түсіндірген.

Жақында ауыл тұрғындарымен арнайы кездесу ұйымдастырдық. Елді мекенге табиғи газдың жеткізілетіні қуанышты жаңалық. Осыған байланысты біз маман ретінде табиғи газды орнату барысындағы қауіпсіздіктерді түсіндірдік. Алдымен кездесуге қатысқандарға газ құбырлары есіктің алдына дейін келетінін айттық. Одан әрі қарай үйге дейінгі газды монтаждау жұмыстарын осы салада өз қызметтерін көрсететін кәсіпкерлер арқылы жүзеге асатынын жеткіздік. Осы тұста, тұрғындарға алаяқтарға алданып қалмауды ескертеміз. Мұндай жағдайлар кездескен. Жұмысты сапасыз жүргізіп, қауіпсіздік талаптары сақталмайды. Оның жауапкершілігі жоғары. Сондықтан монтаждау жұмыстарын қай кәсіпкерге істетіп жатқанын «Қызылорда газдандыру жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тереңөзек кен¬ті өндірістік учаскесі мамандарына ескертіп отырса, тұрғындар алаяқтыққа тап болмайды. Сондай-ақ «каркас», яғни қамыс және ағаштан тұрғызылған үйге табиғи газ кіргізілмейтінін де атап өткен жөн. Үйдің құжаттары түгел болғаны да дұрыс, – дейді «Қызылорда газдандыру жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тереңөзек кенті өндірістік учас-кесінің директоры Еркебұлан Есенгелді.

Негізінен, ауылға газ келетінін естіген жұрт¬шылықтың қуанышында шек жоқ. Табиғи газ біраз жұ¬мысты жеңілдететінін айтады елді мекен тұрғын¬дары.

Жыл басында «Биыл ауылға газ келеді» деген жағымды жаңалықты естіп, қуанып жүрміз. Ауылымыз аудан орталығына жақын орналасқан. Тіршілігіміз де біте қайнасып жатыр. Тереңөзек кентіндегі табиғи газдың игілігін көріп отырған ағайындардың үйіне бар¬ғанда қызығатынбыз. Жып-жылы, тіпті біз секілді баллонмен газ тасып жүрген жоқ. Енді міне, осындай жақсы жағдай біздің ауылда да болмақ. Тек газдандыру жұмыстарының сапалы жүргізілгенін қалаймыз, – дейді ауыл тұрғыны Әбілда Байтөре.

Биыл  Қалжан ахун ауылы газдандырылатын болса, аудан орталығына жа¬қын С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов елді ме-кендері де жуық уақытта табиғи газбен қам¬тамасыз етілуі тиіс. Ол үшін газдандыру жобаларын қаржыландыру мақсатында тиісті басқармаға бюджеттік өтінімдер ұсынылған. Ал Шаған елді мекенін газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамадан өт¬кізі¬луде.

 

 

Тағы да оқыңыз: