Kyzylorda-news.kz Соңғы жылдары аймақта жергілікті тұрғындар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен өз-өзін қамтамасыз етуі үшін егістік жер дайындалып берілуде. Сәтті іске асқан жоба биыл да жалғасын таппақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданындағы «Мағжан және К» ЖШС-нің егіс алқабында өткен «Дала күні» семинар-кеңесінде айтты.

Бүгін «2022 жылы егіс егуге ынталы отбасыларға 1,8 мың гектар жер берілді. Облыс тұрғындары бұл бастамаға аса жоғары қызығушылық танытып, сұраныс артты. Өткен жылы да 5 500 отбасыға ауылдардан 3 300 гектар жер дайындалды. Бұл қадам әр үйдің өз-өзін азық-түлікпен қамтамасыз ету, отбасы бюджетін еселеу мүмкіндігін арттырды. Қажет болса, тұрғындарға арнайы техникалармен атыздарды тазалауға, жеке көкөніс сақтау қоймасын қазуға қолдан келгенше көмектесу қажет. Үлескерлердің жерін пайдаланатын шаруашылықтар да бұл жұмыстарға ынталы болуы тиіс», – деді аймақ басшысы.

Негізі өңірде егін егуге ынталы азаматтарға жер беру мәселесі назардан тыс емес. Сондай-ақ, облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылған.

Нұрлыбек Машбекұлы қала, аудан әкімдеріне жер дайындауға баса мән беріп, жұмысты ұтымды ұйымдастыруды тапсырды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: