Фото: күн.кз

Kyzylorda-news.kz.   1 ақпанда парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы заң жобасының таныстырылымы өтті. Осы жиында депутат Ерлан Саиров Туризм және спорт министрлігіне ұсыныс айтты. Ол Қазақстандағы спорт саласынан олигархтардың  өздерін, жақындары мен достарын алып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды kyn.kz

"Бұл мәселені біз қалай шеше аламыз? Құзырлы министрліктердің олигархтарды спорттан қуып жіберетін күш-жігері бола ма? Екіншіден, олигархтар мен оның туыстары, достары әр түрлі федерация ашып, Қазақстан бюджеті қаржысының тоз-тозын шығарды", – деді ол. Депутат кейінгі 4 жылда Қазақстан спорт саласы бойынша Өзбекстан сияқты көршілес елдерден қалып бара жатқанын айтты. Ол сондай-ақ жылына ел спортына бюджеттен 1 млрд доллар бөлінетінін атап өтті. "Ал біздің Орталық Азиядағы көршілеріміз мұндай сомманы түсінде де көрмеген. Бірақ олардың жетістігі жоғары. Сонда қандай ой түюіміз керек? Яғни, 1 млрд долларды басқалар талан-таражқа салып жатыр", – деді депутат.

Ерлан Саировтың сөзінше, бюджет қаржысын бірінші Олимпиадалық спорт түрлеріне, екіншіден ұлттық спортты дамытуға бөлу керек.