Kyzylorda-news.kz. Экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет» жобасын талқылауға байланысты кеңейтілген кезекті отырысы өтті. 

Отырысқа облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Н.Қордабай, облыстық мәслихат депутаттары Н. Әмитов, Т. Шаутай және ZOOM видео-конференция байланысы арқылы Б. Дүйсенбек, Д. Байрахтарова, І. Тілеп, А. Абибуллаева, Ж. Өздембаев, М. Нәлібаев қатысты. Кеңейтілген отырысқа депутат Талғат Өмірзақұлы төрағалық етті.

Комиссияның екінші күнгі отырысында «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет» бойынша облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және жер қатынастары, қоғамдық даму, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және полиция департаментінің басшысы хабарлама жасап, 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетке қатысты негізгі басымдықтар талқыланды.

Сондай-ақ, аталған мәселелер бойынша облыстық мәслихат депутаттары өз пікірлерін білдіріп, қойған сұрақтары бойынша тиісті жауаптарын алды. Депутаттар бағдарлама әкімшілеріне ішкі түзетулер мен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мәселелерді қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге, комиссия мүшелері нысаналы индикаторлардың тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеуін болдырмау үшін жобалардың тиімділігіне әуелбастан терең талдау жасалуы тиіс екендігіне тоқталып, бұл қаражатты үнемді пайдаланудың бірден-бір жолы екендігін ескертті.

Отырыс соңында басқарма басшылары депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, аталған кейбір мәселелердің кезең-кезеңімен орындалатындығын жеткізді.

315656800_1311352096292651_1906495088503347059_n.jpg

Тағы да оқыңыз: