Kyzylorda-news.kz 2024 жылдың 2 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан ресми ақпаратқа сүйенсек, президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ телеграм арнамыздан мәтін түрінде трансляция жүреді.

"Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады", — деп хабарлады Ақорда.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Сурет: akorda.kz

Тағы да оқыңыз: