Kyzylorda-news. Қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясы халықты сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін шешуге ниетті. Осы мақсатта Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа аудандарда, Саяхат, Сәулет, Рисмаш, КБИ, Әл-Фараби, Сабалақ аудандарында ұзындығы 213,2 км инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын салып, Жылу-электр орталығы қайта жаңғыртпақ.

Сондай-ақ, 2025 жылға дейін Қызылорда қаласына қарасты барлық саяжайларға су құбырын жүргізіп, Махамбетов және Наурыз ауылында 110,4 км газбен жабдықтау желілерін салатын болады. Жаңадан 25 балалар ойын алаңдарының құрылысы және көпқабатты үйлер алаңындағы тозығы жеткен 100 балалар ойын алаңын жөндеу жұмыстарын жүргізу ықпал етпек. Нәтижесінде елді-мекендердегі орталықтандырылған газбен қамтылу үлесі 30%-ға артады.

Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мағжан Ералиев, Нұрболат Ибраев пен Ибраким Басықараев теміржол бөлімшесінің ұжымымен кездесу барысында айтты.
Басқосуда үміткерлер еңбек ұжымының сала туралы салмақты сауалдарына жауап беріп, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Ашық әңгіме алаңында жұмысшылардың басты сауалы айлық жалақысын көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты болды.

“Жалпы қала тұрғындары үшін тұрғын үй мәселесі әрдайым өзекті. Осы жайтты ескере отырып, партия 2025 жылға дейін 4140 пәтерлі 92 көпқабатты тұрғын үй, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға, жас отбасыларға, бюджет саласының қызметкерлеріне 1840 пәтердің құрылысы жүргізбек. Сонымен қатар, 5870-ден аса жеке тұрғын үйлердің құрылысы мен 27 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Мінекей, осы жүргізілген шаралар 5 мыңға жуық отбасын баспанамен қамтуға және 10 мыңнан аса отбасына өмір сүруге қолайлы жағдай жасайды. Ал әлеуметтік көмек, жұмысшылардың міндеттемелерін жеңілдету, медицинаға қолжетімділікті арттыру секілді мәселелерге байланысты алдағы уақытта ауқымды жұмыстар жасалады”, – деді үміткер Нұрболат Ибраев.

Шара соңында көкейтесті сұрақтарына жауап алған теміржолшылар партияның халық игілігі жолындағы жұмыстарына сенім білдіріп, алдағы саяси дода да қолдайтындықтарын жеткізді. Үміткерлер болса, ел сенімін ақтайтындықтарын айтып, үгіт парақтары таратып берді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Тағы да оқыңыз: