Kyzylorda-news.kz  Қала әкімі Серік Қожаниязов қоғамдық кеңес алдында есеп беру кездесуінде шаһарда әлеуметтік салада атқарылып ждатқан жұмыстарға тоқталды. 

Былтыр облыс орталығында тұрғын үй құрылысын дамытуға қаржыландырудың барлық көздерінен 22,8 миллиард теңгеге 2 424 пәтерді құрайтын  көпқабатты 39 тұрғын үйдің іргесі қаланды. Ал 1486 пәтерді құрайтын көпқабатты 23 тұрғын үй өткен жылы пайдалануға берілді. Оның ішінде 580 пәтер – несиелік тұрғын үй, 906 пәтер 

– осал топқа жататын отбасыларға арналған. 

Құрылыс жұмыстарының басым бөлігін білім саласының нысандары құрайды. Биыл сол жағалаудан құны 2,4 миллиард теңгені құрайтын «Оқушылар сарайы» және құны 7,9 миллиард теңге болатын 

300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орындық физика-математикалық мектеп-интернатының құрылысы аяқталып, ел игілігіне табысталады деп күтілуде. 

Ал, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша бастау алған білім нысандарының 5-еуін биыл аяқтау жоспарланып отыр. Қалған 3 мектептің құрылысы биыл басталып, келер жылы тапсырылмақ. 

Сонымен қатар өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасымен үш ауысымдық оқуды болдырмау мақсатында облыстық бюджеттен 2,6 миллиард теңге бөлініп, Абай атындағы №2 (575,7 миллион теңгеге), С.Толыбеков атындағы №3 (760,4 миллион теңгеге), Ә.Мүсілімов атындағы №101 (575,8 миллион теңгеге) және Т.Есетов атындағы №264 (734,9 миллион теңгеге) мектептерге қосымша ғимараттар салынды.

         «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы құны 1,3 миллиард теңгені құрайтын 600 орындық мектеп те оқушыларды қабылдап, жұмысын бастап кетті.

Осындай халық сұранысына қажетті ғимараттардың құрылыстары биыл да жалғасуда. Яғни, Сол жағалаудан құны 4,8 миллиард теңгені құрайтын музыкалық колледждің құрылысы қарқын алды. Оның алғашқы жұмыстарына 904 миллион теңге бөлінді.

Ал денсаулық саласында құны 2,9 миллиард теңге болатын «Облыстық қан орталығының» құрылысын аяқтау биылға жоспарланған. Сондай-ақ жоба құны 36,4 миллиард теңгені құрайтын бір ауысымда 

100 келушіге арналған емханасы бар, 300 төсектік көпбейінді аурухана салынуда.  Баймұрат батыр ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулатория жақын күндері пайдалануға беріледі. Оған бөлінген қаражат көлемі 422,5 миллион теңге.  Осы құрылыспен қатар жүрген Қосшыңырау ауылдық округіндегі медициналық бекетті сәуір айында табысталмақ. 

Бұдан бөлек мәдениет саласы бойынша былтыр 568,1 миллион теңгеге Талсуат пен Қарауылтөбе ауылдарынан 150 орындық клуб пайдалануға беріліп, мәдениет пен руханиятқа үлкен сый болды. 

Игі бастамалар жалғасы Тасбөгет кентінде де орын алды. Яғни, облыстық бюджеттен бөлінген 514,5 миллион теңгеге стандарттарға сай дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Ал, «Самұрық-Қазына» қоры болса, өз есебінен 239 миллион теңге бөліп,  Ақсуат ауылдық округінен жаңа спорт кешенін салды. 

         Кәсіпкер-меценат Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен салынған құны 1,7 миллиард теңгені құрайтын «Анаға тағзым» орталығы қала халқына ерекше тарту болды. Бүгінде аталған орталықта түрлі жиындар өткізіліп, қыз-келіншектерге арналған үйірмелер, курстар ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ спорттық ойындардың бірі – үстел теннисі де бас шаһарда дамитын болады. Жуырда сол жағалаудан жаңа үстел теннисі орталығының іргетасы қаланды. Бюджеті 2,7 миллиард теңгені құрайды. Жобаға қажетті қаражаттың жартысы «Самұрық қазына» қоры арқылы бөлінді.  Сонымен қатар, дәл осы аумақтан құны 

21 миллиард теңге болатын жеті мың орындық стадионның да құрылыс басталды.

Тағы да оқыңыз: