Kyzylorda-news.kz.   Қызылорда қаласындағы Ақсуат ауылдық округіне 2022 жылы республикалық бюджеттен 4.4 млрд теңге бөлініп, газ желісі тартылып жатыр. Бұл туралы  Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

«Қала көлемінде газ желісі тартылмаған елді мекендердің бірі - Ақсуат ауылдық округі болатын. Бұл ауылдық округке 2022 жылы республикалық бюджеттен 4.4 млрд теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Осы жобаны аяқтауға биыл 1 млрд 700 млн теңге бөлінді. Осылайша біз тағы бір елді мекенімізді көгілдір отынға қосатын боламыз», – деді қала әкімі.

Тағы да оқыңыз: