Kyzylorda-news.kz  Берекесі тасыған Бесарық ауылы облыс көлемінде «Үздік ауыл» қатарында. Өткен жылдың соңында Берекелі Бесарық осы номинацияны жеңіп алған болатын.

Үздік ауыл атанған елді мекенде адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған орта қалыптасқан. Сонымен қатар тазалық, көркейту көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, елді мекен лайықты даму үстінде. Бесарық ауылының келбеті де күн санап көз тартып, дамудың даңғыл жолына көшіп келе жатқанын айқын көруге болады. Ауылдық округте бүгінде 2500-ге жуық тұрғын бар.

Ауыл тұрғындарына берекелі, құтты мекен болған ауыл экономикасының негізі – ауылшаруашылығы саласы да даму үстінде. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік хал ахуалы жақсарып, кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде.

Жақында ауыл тұрғыны Сүндет Сақтағанов ауыл орталығынан көкөністер мен жеміс-жидек сататын дүкен ашты. Кәсіпкер дүкенді ашуға өз қаражатын жұмсаған.

– Біздің ауыл облыс орталығына жақын орналасқадықтан ауыл тұрғындары азық-түлікті, күнделікті тұтынатын заттарды, көкөністер мен жеміс-жидектерді қаладан тасымалдап тұтынады. Бұл өз кезегінде тұрғындарға уақыт пен жол шығынына әкеледі. Сондықтан тұрғындардың ұсыныс-тілегімен, сұранысы бойынша дүкен ашуды жөн көрдім. Дүкенде күнделікті жеміс-жидектер мен көкөністердің барлық түрі балғын түрінде сатылады. Енді ауыл тұрғындары қалаға сабылмай, іздегенгдерін біздің дүкеннен табатын болады. Тұрғындар дән риза, – дейді кәсіпкер Сүндет Базарбайұлы.

Тағы да оқыңыз: