Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі отырысы өткізілген болатын. Ауданға қарасты кент, ауыл әкімдері мен дербес бөлім, сала басшылары қатысқан отырыста күн тәртібіне сәйкес, екі негізгі, бір қосымша мәселе қаралды. 

Ауданда газ және автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу бойынша атқарылған және алдағы атқарылатын жұмыстар туралы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Бисембаев  хабарлады. Сонымен қатар Сырдария ауданында құрылыс нысандары бойынша атқарылған және алдағы атқарылатын жұмыстар туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Абзал  Кұшмұрзаев баяндама жасады. 

Өз кезегінде  аудандық жастар ресурстық орталығының атқарылған жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов хабарлады. 

Аудан басшысы хабарламашылардың баяндамасына сәйкес, атқарылған жұмыстар мен нәтижелерге сәйкес, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, құрылыс саласы, автомобиль жолдары, газдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жобаларды қадағалау, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілген нысандарға уақытылы келісім шарт жасау, ауыз су жүйелерінің жұмыстарын сапалы жүргізу және ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және басқа да тапсырмалар жүктелді.

 

Тағы да оқыңыз: