Kyzylorda-news.kz  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.

Акция аясындағы облыс әкімінің Үндеуіне сәйкес бүгінгі тазалық науқанына 500-ге аралдықтар атсалысып, аудан көлемінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарында белсенділік танытты.

Арал қаласындағы «Балықшылар аллеясында» өткен ағаш отырғызу акциясына аудан әкімі А. Оңғарбаев, аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар қатысты.

Экологиялық акция аясында қоғамдық орындар, көшелер мен аялдамаларда тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, аудан бойынша демалыс саябақтарында 1000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Көше бойында автомобиль жолдарының жолақтары қайта сызылып, аудан орталығындағы маңызды ғимараттардың қасбеттері жаңартылды.

Акция барысында Аралдықтартар ағаш көшеттерін отырғызып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Еліміздің үлгілі ауылдарының бірі саналатын ауыл орталығындағы аллеялар және арықтар тазартылды.

Айта кету керек, облыс әкімі «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіру мақсатында аймақ тұрғындарына «Таза Қазақстан - таза аймақ» Үндеуін жариялаған болатын.

Тағы да оқыңыз: