Kyzylorda-news.kz. Аудандағы ең ауқымды міндеттерді атқаратын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атқарған жұмысына тоқталып өтуді жөн көрдік.
Бірнеше бағыттағы жауапкершілікті жүйелі әрі жемісті атқарып келе жатқан бөлім көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша автомобиль жолдарын жақсарту бағытында оң нәтижеге қол жеткізген бөлімнің жұмысымен инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 жоба жүзеге асырылуда. 2021 жылы басталған аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Жаңақұрылыс» автожолының құрылысы жалғасын табуда. Өтпелі кезең ретінде бекітілген бұл жоба биыл да жүйелі жалғасатын болады. Жұмыстың нәтижелілігі де әрқашан басты назарда ұсталады.
Мұнан бөлек тұрғындардың басты сұранысындағы мәселелердің бірі болып келген аудандық маңызы бар «Қызылжар-Шөмішкөл» автожолының құрылысы да барыс жылында бастау тапты. Жол құрылысы басталып, бөлінген қаражат жолдың сапалы болуы үшін көзделген мақсатта жұмсалды.
Сондай-ақ жол мәселесі бойынша маңызды сауалдардың бірі болып келген «Сазды елді мекеніне кіреберіс» автожолын орташа жөндеу жұмысы да өз деңгейінде жүргізілуде.
Осында орташа жөндеу жұмыстары мұнан бөлек Бөген-Ақлақ, Қаратерең-Жаңақұрылыс, «Қызылжар елді мекеніне кіреберіс» автожолында да істеліп жатыр. Айта кетейік, мұның барлығы келесі жылға өтпелі жоба ретінде қарастырылған. Демек алдағы уақытта да тұрғындардың сұранысы толықтай қамтыла бермек.
Мұнан бөлек «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Сексеуіл кентіндегі №231 мектептен темір жол өткеліне дейінгі автожолды орташа жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жолдың 2 шақырымы жөндеуден өткізілді. Жоба келесі жылға өтпелі болғандықтан қалған бөлігі де алдағы уақытта жөнделетін болады.
Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысында моно және шағын қалаларды дамыту бойынша жергілікті бюджет есебінен В.Терешкова, И.Панфилов көшелері орташа жөндеуден өткізілсе, қала көшелері мен аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Сексеуіл» автокөлік жолдары ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Жылдың басты жағымды жаңалығы барша аралдықтың көкейіндегі қаладағы темір жол үстінен аспалы көпір салу болатын. Міне, осы мәселе бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстың нәтижесімен көпірдің техникалық-экономикалық негіздеме мен жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аудан бюджетінен бөлінген қаржыға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер де анықталды.
Көпір мәселесі бойынша шешімін тапқан тағы бір сауал – Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба келесі жылға өтпелі болып табылады.
Бөлімнің ауқымды жұмысының арқасында ауызсу мәселесі де шешімін тауып, Көнту елді мекеніне ауызсу желісі жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал «Арал қаласына кіреберіс» автожолын және қаладағы Р.Тұрымбетов, Б.Тәңірбергенов, Т.Әубәкіров, Н.Балапанов, А.Қаюпов көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Өткен жылы Арал қаласындағы № 19 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс және күрес залдары газ жүйесіне қосылып, көгілдір отынның игілігін көріп отыр.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі десе көпшіліктің есіне қаланың ажары мен сәулеті, сән-салтанаты оралары анық. Бұл бағыттағы жұмыстарды да ешкім жоққа шығара алмайды. Нақтырақ тоқталар болсақ, былтыр «Балықшылар» аллеясы, «Жалаңтөс Баһадүр» алаңына тиісті жұмыстар жүргізіліп жатса, қаладағы Бақтыбай батыр көшесін абаттандырудың І-кезеңіне бөлінген қаржыға жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Сонымен қатар аудан елді мекендерінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудандық маңызы бар автожолдар бойына қажетті 100 дана жол белгілері орнатылды. Жыл көлемінде қаладағы асфальт қабатымен жабдықталған көшелерге 3 мәрте жол сызбалары сызылып, 196 дана жол белгілері орнатылып, стандартқа сәйкестендірілді. Сондай-ақ М.Нұржаубаев-Әйтеке би көшелерінің қиылысында орналасқан бағдаршам жөндеуден өткізіліп, Бақтыбай батыр, «Жақсат» коммуналдық базары маңына, қаладағы «Оқушылар үйі», №13 орта мектебі мен №62 мектеп-лицейі алдына 7 дана жасанды жол кедергілері қойылды.
Ауданның қарышты дамуы үшін қарқынды қызмет жасап келе жатқан бөлімнің алдағы уақытта да атқарар ісі қыруар болмақ. Себебі мемлекеттің басты капиталы саналатын ел азаматтарының сұранысы қашанда алғашқы қатарда.