Kyzylorda-news.kz. Егін шаруашылығын дамыту бүгінгі күннің алға қойылған маңызды міндеттерінің бірі. Аталған сала өркендесе өңіріміздің, тұтастай еліміздің экономикасына қосар үлесі орасан.

Осыған орай, аудан бойынша егін шаруашылығын дамыту мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған даму жоспары әзірленіп, егіс көлемін 800 гектардан 3000 гектарға дейін жеткізудің Жол картасы бекітілді. Сондай-ақ, егін шаруашылығын дамытуға байланысты оның ішінде, мал азықтық шөптер (жоңышқа), бақша, көкөніс және тағы да басқа дақылдарды ұлғайту шеңберінде біршама жұмыстар ұйымдастырылды.

Бүгінгі күнге, Арал ауданы бойынша табысталып берілген жерлерге барлығы 704,2 гектар егістік дақылдары орналастырылды.

Биылғы жылы суды тиімді пайдалану әдістерімен суды аз қажет ететін қондырғылармен пайдалануды қолға алынған.

Оған дәлел, Ақирек ауылдық округіндегі «Асхат» және «Нұр-Дана» шаруа қожалықтары подпленка әдісімен 7 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырса, Сексеуіл кентінің жеке тұрғындары 4 гектар жерге бақша дақылдарын екті. Ал, Атанши ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Е.Төреханов 10 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен бақша, көкөніс дақыларын орналастырса, Аманөткел ауылдық округіндегі «Camel Pro» шаруа қожалығы 80 гектар астам жерге жаңбырлатып суару қондырғысы арқылы жаңа жоңышқа тұқымын септі.

Сонымен бірге егістік жерлерді суару үшін биылғы жылы 10 дана жылжымалы ДНУ-200/75 дизельді су насосы сатып алынып берілді. Алынған су насостары егін егуге кіріскен сыр беткейіндегі ауылдық округтерге табысталған.

318227670_1454419765082650_7317643856612586034_n.jpg

Тағы да оқыңыз: