Kyzylorda-news.kz. Аудандағы ауыл шаруашылық саласы жыл сайын жаңа көрсеткіштерге қол жеткізіп, қарқынды дамып келеді. Оған дәлел өткен жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 9 649,3 млн теңге болып, 106,6 пайызға өсен. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 5 869,0 млн теңге (102,6 пайыз), егін шаруашылығы бойынша 3 696,9 млн теңге (114,5 пайыз) болып отыр.
Аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 58 468 бас мүйізді ірі қара, 99 306 бас қой мен ешкі, 43 634 бас жылқы, 35 480 бас түйе және 4 089 бас құс (тауық) бар. Осы малдарды өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 108,0 пайызға, жылқы 111,8 пайызға, түйе 107,6 пайызға, құс 111,8 пайызға артса, қой мен ешкі 94,8 пайыз болды. Ауданда мал шаруашылығынан алынатын ет өндіру 3 584,6 тонна, сүт өндіру 8 063,2 тонна, жұмыртқа өндіру 103,1 мың дана, жүн (қой жүні) 126,9 тонна болды.
Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 243 млн 615 мың теңге инвестиция салынды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 есе артық орындалды.
2021 жылы орын алған құрғақшылыққа байланысты өз-өзімізді ішкі өніммен және мал азығымен қамтамасыз ету бойынша егіс көлемін ұлғайтуды жоспарладық. Соған сәйкес Сыр беткейдегі ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, егіс егу бойынша алдын ала әзірлеген сызба карталарымен жобалары тыңдалды.
Осыған орай, аудан бойынша егін шаруашылығын дамыту мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған даму жоспары әзірленіп, егіс көлемін 800 гектардан 3000 гектарға дейін жеткізудің жол картасы бекітілді. Сондай-ақ егін шаруашылығын дамытуға байланысты, оның ішінде мал азықтық шөптер (жоңышқа), бақша, көкөніс және тағы да басқа дақылдарды ұлғайту шеңберінде біршама жұмыстар ұйымдастырылды.
Егін шаруашылығындағы өнімділікті арттыру мақсатында жергілікті шаруалармен теориялық түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру үшін, облыс орталығынан келетін ғылыми қызметкерлердің қатысуымен ақпан айының бірінші онкүндігінде Арал ауданында көшпелі семинар-кеңес өткізілді.
Өз-өзімізді азық-түлік өнімдерімен және мал азықтық шөппен қамтамасыз ету үшін 2022 жылға егістік және шабындық жерлерді ұлғайту бойынша Ақирек, Жетес би, Аманөткел, Бөген, Райым және Қаратерең ауылдық округтерінің жер учаскелеріне далалық өлшеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 493 гектар жер учаскелері шаруашылықтарға табысталып берілді.
Осының нәтижесінде аудан бойынша табысталып берілген жерлерге барлығы 704,2 гектар егістік дақылдары орналастырылды. Биылғы жылы суды тиімді пайдалану әдістерімен суды аз қажет ететін қондырғылармен пайдалануды қолға алдық.
Оған дәлел, Ақирек ауылдық округіндегі «Асхат» және «Нұр-Дана» шаруа қожалықтары подпленка әдісімен 7 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырса, Сексеуіл кентінің жеке тұрғындары 3-4 гектар жерге бақша дақылдарын екті. Ал Атанши ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Е.Төреханов 10 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен бақша, көкөніс дақылдарын орналастырса, Аманөткел ауылдық округіндегі «Camel Pro» шаруа қожалығы 80 гектар жерге жаңбырлатып суару қондырғысы арқылы жаңа жоңышқа тұқымын септі.
Ағымдағы жылы ауданды азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жеке тұрғындар бойынша 70 гектардан астам жерге егіс егілді.
Кіші Арал теңізінде балықтың 19 түрі мекендейді, кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың 17 түрі ауланады. Балық аулау кезеңі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін есепке алынады, сондықтан 2022 жылдан 2023 жылға дейін, Кіші Арал теңізінен 6924 тонна, Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесіне 477 тонна, сонда аудан бойынша барлық лимит 7401 тонна болып бекітілген.
Ауланған балық 2022 жылға 1002 тонна болса, өңделген балық 01.11.2022 жылға 3518тонна. Ауданда жылдық қуаттылығы 23900 мың тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Атап өту қажет, ауданда Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі тек екі кәсіпорында бар. Атап айтқанда, «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС балық өңдеу зауыттары.
Қосжар ауылдық округінде орналасқан Қамыстыбас балық питомнигі мен оның Тастақ бөлімшесінде балық өсіруге арналған арнайы инкубациялық цехтары бар. Оның 1-еуі гуманитарлық көмек арқылы Израильден әкелініп, құралдарымен жабдықталған. Облыс көлемінде табиғи су айдындарының балық қорын көбейту мақсатында республикалық бюджеттен жыл сайын Кіші Арал теңізіне және Ақшатау көлдер жүйесімен Приморский, Қамыстыбас көлдер жүйесіне осы «Қамыстыбас балық питомнигі» РМКҚ арқылы 14 млн 800 мың дана майда бір жылғы шабақтар және 420 мың екі жылғы шабақтар жіберіліп өсірілуде.
Арал ауданы бойынша 2022 жылы 34 жас маман біржолғы көтерме жәрдемақы және 12 маман тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие рәсімдеді.