Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық штабының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. Арал қаласында “Есіктен есікке” акциясы бойынша облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Еркебұлан Аяғанов пен Саягүл Мақашева бірнеше тұрғынның үйіне барды.

Үміткерлер кент тұрғындары “Аралтұз” АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Төлеген Жанназаров, кәсіпкер Жомарт Көшеков, зейнеткер Бекет Ерғазиевтің шаңырағында болып, жағдайларын сұрады. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Партияның басты бағыты − ауданда тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Ауылшаруашылық құрылымдарына қолдау көрсету, еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.

«Арал ауданында мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен, «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау», кальцилендірілген сода өндіру зауыты, ас тұзын өндіру жаңа Испан цехының құрылысы жобасының жүзеге асуына ықпал етеді. Нәтижесінде бұл шаралар 2025 жылға қарай 6,1 мың жұмыс орнын құруға және жұмыссыздық деңгейін 5,1 %-дан 4,7 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», – деді үміткер Еркебұлан Аяғанов.

Ал, Саягүл Мақашева әлеуемттік қолдау бағытындағы партия көздеген басым бағыттарды жан –жақты таныстырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

“Nur Otan” партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Тағы да оқыңыз: