Kyzylorda-news.kz. Бүгін аудан әкімдігінде макро-экономикалық көрсеткіштері және қаржының игерілуі бойынша жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішевтің төрағалығымен өткізілген мәжіліске дербес бөлім басшылары, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы және аудандық статистика басқармасының басшылары қатысты. 

Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев ауданға тартылатын инвестиция көлеміндегі нақты құрылыс жұмыстарының үлесін анықтап, ай сайын сататистикалық есептілікке енгізілуін қамтамасыз етуді тиісті бөлімдерге тапсырды. Сондай-ақ жиында инвестицияның көлемін өткен жылдың деңгейінде сақтап қалу мақсатында барлық мүмкіндіктерді қарастыру қажеттігі айтылды. 

Мәжілісте тағы бір мәселе, аудан бюджеті қаржысының сапалы, тиімді, толық және уақытылы игерілу керектігі айтылды. Қаржылардың игерілуіне күнделікті бақылау жасап, есепті мерзімде игерілмеу қаупі бар қаржылар қалыптасатын жағдайларда игерілмеу себептерін анықтап, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдауды жауапты бөлімдерге тапсырды.

Айта кетейік, 2022 жылдың 10 айының қорытындысымен ауданда 19,1 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі  өндірілген. Нақты  көлем  индексі 122,1%-ды құрады.

 

Тағы да оқыңыз: