Kyzylorda-news.kz.  Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес, биыл егістік көлемін 1500 гектарға орналастыру жоспарланып отыр. Оның 21 гектары картоп, 87 гектары көкөніс, 342 гектары бақша, 238 гектары ескі жоңышқа, 460 гектары жаңа жоңышқа және 352 гектары басқа дақыл түрлері.

Ауданда осыған орай көктемгі егіс-дала науқанына ауыл шаруашылығы техникаларын дайындау жұмыстары мен егіс алқабын қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде.

Мәселен 25 наурыздан бастап Ақирек және Бөген ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтары көктемгі егіске дайындық жұмыстарына кірісіп, жер жырту жұмыстарын бастады.

Солардың ішінде, Аманөткел ауылдық округі бойынша жеке тұрғындар 10 гектар жер жыртылса, шаруа қожалықтар «жаңбырлатып суару» әдісі арқылы 50 гектар жерге «жаңа жоңышқа» егу жұмыстарын қолға алды.

Сонымен қатар, Жаңақұрылыс ауылдық округі 15 гектар жерді тегістеу жұмыстарын бастап кетсе, ал Қамыстыбас ауылдық округі 12 гектар және Қосжар ауылдық округі 4 гектар бау-бақша егетін жерлерге жер жырту жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгінгі күнге, жалпы аудан бойынша 178 гектар жер жыртылып, әліде егістік жерлерді жырту, тегістеу жұмыстары жалғасын табуда.

340103745_1379621816186050_8234568859551548687_n.jpg

 

339680264_760037409113543_4305622401995196631_n.jpg

Тағы да оқыңыз: