Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының құрамына кіретін Ақжарма ауылдық округі бойынша 519 отбасында 2800 халық тұрады Негізінен, экономикалық белсенді халық саны 1197 адам болып табылады. Оның ішінде, 746 жастар, 270 зейнеткер, 90 мүгедек,17 тыл ардагері, 37 «Алтын алқа» және 46 «Күміс алқа» иелері бар. Ауыл шаруашылығы саласына иек артатын ауылдың тыныс-тіршілігі көпшілікке аян. Өз кезегінде ауыл тұрғындарының мәселесі назардан тыс қалған емес. 2022 жылы жеке тұлғалардан жер учаскелеріне байланысты барлығы 16 өтініш келіп түсіп, заң талаптарына сәйкес қанағаттандырылған. Ауылдық округ әкімшілігінде 39 шешім, 142 өкім шығарылған.
Өткен жылы елді мекенде ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жалпы, ауыл әкімшілігің келтірген мәліметіне сүйенсек, былтыр елді мекен бойынша М.Әукенов, Т.Балапанов, О.Ысқақов, Е.Омаров көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Аталған жобаның құны – 164 459,4 мың теңгені құрайды. Сонымен бірге ауылды көркейту-көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асуда. Көше жарығын күтіп ұстауға да, едәуір қаржы бөлінген. Бұл ретте, Садық-Ахун көшесінің бойынан «Ақжарма-2» шаруа қожалығы демеушілігімен жасыл желек орнату үшін 0,7 га жер ашылып, арықталды. Аталған аумақ қоршаланып, 1350 дана тал егілді. М.Әукенов көшесінің бойынан «Ақжарма и К» фермер қожалығы демеушілігімен жасыл желек орнату үшін 0,4 га жер ашылып, арықталды. Өз кезегінде аталған жердің барлығы тал егуге лайықтандырылды. Негізінен, ауыл тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ететін «Дәулет арық» каналына облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін, Ақжарма ауылдық округіне 1 дана СНП-500 электірлі насос алынды. Трансформатор орнату үшін ЖСҚ құжаттары және жерге орналастыру актісі жасалынды. Сметалық құны 6,8 млн «Ақжарма-2» және «Ақжарма и К» шаруа қожалықтары электр желісімен бағандарын орнататын мекемемен келісім-шартқа отырып, орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Әрине, адам денсаулығын күту – маңызды рөл ойнайды. Бүгінде ауылдық амбулаторияда барлығы 14 адам жұмыс жасайды. 2022 жылы 6250 адам белсенді түрде қаралып ем алса, профилактикалық байқаудан өткен ересектер саны – 3562 адам, балалар саны – 2274 болып табылады. Ауылда жаңадан туған бала саны – 62-і құрайды. Өз кезегінде Диспансерлік есепте тұратын науқастарға тиісті медициналық көмектер көрсетіліп келеді. Шұғыл және жоспарлы ем қабылдау үшін науқастарды аудан орталығына жолдама беру жүзеге асырылды.
Өз кезегінде ауыл мәдениетін дамытуға зер салынып келеді. Мәселен, ауылдық клубта барлығы 8 қызметкер жұмыс жасайды. 2022 жылы мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен барлығы 49 мәдени, оның ішінде, аудандық – 2 шара өткізілді. Мәдениет үйінде «Ән», «Жас қалам», «Көркемсөз» үйірмелері жұмыс жасап келеді. 2022 жылдщың басынан бері ақылы қызмет көлемі 788,0 мың теңге болып жоспарланып, аталған жоспар 100 % пайызға орындалды.
Білім саласында қатысты ілкімді істер үнемі жалғасын тауып келеді. Негізінен, 2021-2022 оқу жылы бойынша 11-сыныпты бітірген 31 оқушының ҰБТ-ға 29-ы қатысып орташа балы 70 пайызды құрады. ҰБТ-дан ең жоғары балы 94-ды құрады. 3 оқушы «Үздік аттестатпен» бітірді. Абай атындағы оқушылар саны – 553, 2022-2023 жылы бітіретін оқушылар саны – 42, ҰБТ қатысатыны – 40 болып табылады. Ақжарма ауылында жаңадан спорт кешені салынғаны баршаға мәлім. Бүгінде ауыл жастары спортпен тұрақты түрде шұғылдануда. Елді мекенде 2018 жылдан бері жабық спорт сауықтыру кешені жұмыс жасауда. Онда қазақ күресі, белбеу күресі, дзюдо және футбол, волейбол спорт түрлерінен 6 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Ересектерден бөлек, 220 бала спорт түрлерімен шұғылдануда. Ауылда әскери міндеттілер саны – 528, әскерге шақырушылар саны – 183. Оның ішінде, 42 азамат әскерге шақырылып зерделенгені 8 болса, соның ішінде 6 азамат Отан алдындағы борышын өтеуде. Медициналық сараптамадан өтпей жалтарып жүргендер жоқ.
Қазіргі уақытта Ақжарма ауылында кәсіпкерлік саласын өркендетуге барынша жұмыс жасалуда.
Ақжарма ауылдық округінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 160-і құрайды. Оның ішінде, жеке кәсіпкерлер – 103, шаруа қожалықтар – 48, ЖШС, АӨК – 14. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілері – 150, кәсіпкерлік субъектілерінің пайыздық үлесі – 94 пайызды көрсетіп отыр. «Жұмыспен қамту жол картасы» Атамекен қаржы ұйымы арқылы «Жылқы басын көбейту жобасы» бойынша 3 жоба, жоба құны – 12,4 млн теңге қаржыландырылды. «МикроБизнес Қызылорда» бағдарламасы арқылы 2 жоба, «Наубайхана кеңейту жобасы» жоба құны – 3,0 млн, «МІҚ мал басын көбейту жобасы» жоба құны-5,0 млн теңге қаржыландырылды. «Аграрлық несие корпарациясы» арқылы 2 жоба «Егін шаруашылығы» бойынеша, 4 жоба, «МІҚ мал басын көбейту» және «Жылқы басын көбейту жобасы» 15,5 млн теңге құрайды. «Аграрлық несие корпарациясы» арқылы 6 жоба, жоба құны – 137,5 млн теңге қаржыландырылған. Ақжарма ауылдық округі бойынша егін егетін шаруашылықтар «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы және жеке қаражат есебінен ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал жабдық алынды. Ауылдық округ бойынша жыл басына бастап несие гранттар бойынша 22 жоба, шаруашылықтар техника алу бойынша 4 жоба алынды.
Ауылдық округ бойынша жұмыссыз ретінде тіркеуге алынған 98 адамның 39-і тұрақты жұмысқа, 58-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 15-і жастар тәжірбиесіне, «Күміс жас» – 1 және 2-і алғашқы жұмыс орнына жолданды. Атаулы әлеуметтік алатын отбасы саны – 11, адам саны – 56. Ауылдық округ бойынша 2022 жылы ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының есебінде 3575 бас ірі қара, 2104 бас уақ мал, 1740 бас жылқы және 1653 бас құс тіркелген. Ауылдық округ бойынша бақша өнімдері картоп 20 гектар, көкөніс 10 гектар, бақша 11 гектар болып табылады.
Өткен жылы бірнеше жоба бойынша жұмыстар жүргізілді. Ақжарма ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылды. Биыл Ақжарма ауылдық округінің қатты қалдықтарды орналастыру жұмыстары бойынша қоршауды ұйымдастыру, Ақжарма ауылдық округінің жасыл белдеу орналастыру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу, елді мекен бойынша өзекті жұмыстарға жобалық сметалық құжаттарды әзірлеу – күн тәртібінен түспейді. Салық базасын ұлғайту бағытында іс-шараларды қамтамасыз ету, ауыл тұрғындары арасында кәсіпкерлікті қолдау іс-шараларын жүргізу, түрлі бағдарламалар арқылы қаржылық мүмкіндіктерге қолдау көрсету жүргізіледі. Әрине, біздің ауылымызда кәсіпккерлік нысандары көптеген жұмыстар жасауда. Ірі қос шаруашылығымыз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында демеушілік жасауда, – дейді ауыл әкімі Ерлан Ешмұратов.
Иә, ауыл дамыса, халықтың әл-аухатын жақсаратыны сөзсіз. Қашанда ауылдың экономикалық әлеуеті өркендей берсін демекпіз.