«Air Astana» әуекомпаниясы билеттердің бағасын көтеруге мәжбүр екенін мәлімдеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

«Air Astana» әуекомпаниясы билеттердің бағасын көтеруге мәжбүр екенін мәлімдеді

03.05.2020, 18:00

507 0

Kyzylorda-news.kz. «Air Astana» әуекомпаниясы билеттердің бағасын 10 мамырдан кейін көтере алады. Бұған дейін тарифтер бұрынғыдай қалады, деп хабарлайды Хабар 24

Компанияның мәлімдеуінше, Қазақстанда авиатасымалдаушыларға қойылып отырған талаптар жоғары және ұшақтардың жартылай бос болуынан біраз шығын әкеледі.

«Егер жолаушыларды «біреуден кейін» отырғызу туралы талап жойылмаса, біз 10 мамырдан кейін авиабилеттердің бағасын көтеруге мәжбүр боламыз», – деді «Air Astana» АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдрахимов.

Дегенмен, осыдан алдын индустрия және инфрақұрылым министрлігінің өкілдері авиабилеттердің бағасы бұрынғы бағада қалатынын айтып еді.

«Әуе кемесінің бортында әлеуметтік қашықтық, жолаушыларды бір жолаушы креслосы арқылы отырғызу қажет. Осыған байланысты әуе кемелері 50-60% – ға толтырылатын болады. Бірақ авиакомпанияда тарифтер көтерілмейді», – дейді  ҚР МИИР азаматтық авиация комитетінің орынбасары Салтанат Томпиева.

0

Пікір қалдыру