2006 жылғы үлгідегі теңгелер жарамсыз деп танылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

2006 жылғы үлгідегі теңгелер жарамсыз деп танылады

12.11.2019, 10:40

342 0

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың күзінде 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау аяқталады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық Банкі 2020 жылдың 3-қазанында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау мен айырбастаудың үш жылдық кезеңі аяқталатынын еске салады.

Жеке және заңды тұлғалардан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 тенгелік банкноттарды қабылдау және оларды ұлттық валютаның колданыстағы ақша белгілеріне ауыстыруды ҚРҰБ аумақтық филиалдары банкноттардың түпнұсқалығын растағаннан кейін комиссиясыз және сомасы бойынша шектеусіз жүзеге асырады.

0

Пікір қалдыру