Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданында «Таза Қазақстан – Таза аймақ» жаппай сенбілігі өтуде. Тереңөзек кентінің тұрғындары, аудандық мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ «Жасыл ел» жастар қозғалысының мүшелері «Тағзым» алаңына, орталық саябаққа, Жастар аллеясына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша біздің еріктілер мұнда тазалау жұмыстарын жиі жүргізеді. Біз көшелер мен арықтарды, жақын маңдағы жеке тұрғын үйлердің аумақтарын қоқыстан тазартамыз, – дейді «Жасыл ел» және «Еріктілер тобы» жастар қозғалыстарының жетекшісі Нұржан Сейтжанов.
Сондай-ақ, Тереңөзек кентіндегі демалыс орындарында орнатылған шағын сәулет құрылыстарын, сондай-ақ көпірлер мен балалар ойын алаңдарын ақтау, сырлау жұмыстары жүргізіп, «Жастар аллеясын» абаттандырылды.
Жергілікті кәсіпкерлер бұл күні жаңартылатын «Тағзым» алаңына жаңа төсеніш төсеп, түрлі-түсті сәулеттік формалар орнатты.