Kyzylorda-news.kz Биыл Сыр өңірінде бірнеше елді мекен газбен қамтылды. Соның ішінде Қызылорда қаласына қарасты «Қосшыңырау» ауылдық округі де бар. Ауыл тұрғындары бүгінде «көгілдір отынның» игілігін көруде. 

Қазіргі таңда 4500-ден астам халық тұратын Тасбөгет кентіне қарасты «Сабалақ» саяжайын да газ тасымалдау жүйесін дамыту бағдарламасы шеңберінде газ тарту жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүруде. Жобаны 2025 жылы аяқтауға энергетика басқармасына бюджеттік өтінім толықтай жолданған. Жоба құны – 3 млрд теңге. Мамандардың айтуынша, бұл жоба үш кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша саяжайдың ішкі газ желілерінің жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған.

Бас мердігер «АЕS end limited» компаниясының арнайы техникалары мен мамандары жұмысты бастады.

Құрылыс бөлімі берген мәліметке сүйенсек, біршама жұмыс атқарылған.

Қалаға қарасты елді мекендердің арасынан «Қызылөзек» ауылдық округіне газ жүйесін тарту үшін жобалау жұмыстары басталады.

«Қызылорда қаласы, «Қызылөзек» ауылдық округіне қарасты 3 елді мекенге газ құбырын және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы» жобасының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жобалаушы мердігер – «Досстройпроект» ЖШС. Жоба аясында ауылдық округ бойынша 633 тұргын үй газ желісімен қамтылады.

Қазіргі уақытта  Қызылорда қаласындағы орамішілік газ құбырлары желісін салу жобасы бойынша мердігер мекеме «Сырэнергогазстрой» ЖШС  қазіргі таңда «Гагарин», «Титов», «СПМК-70», «Арай»,  «Шұғыла» аудандарында газдандыру жұмыстарын аяқтауға жақын. Ендігі кезекте қалаға қарасты елді мекендердің арасынан Қызылөзек ауылдық округіне газ жүйесін тарту үшін жобалау жұмыстары басталмақ. 

Фото: Оrenburg.kp.ru

Тағы да оқыңыз: