Kyzylorda-news.kz  "AMANAT"  партиясының облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.

Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов, тиісті басқарма өкілдері мен кеңес мүшелері қатысты.

Отырыста партияның Сайлауалды бағдарламасында көзделген азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыста су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешенін іске асыру және №62 тармағындағы Электр желілерінің тозу деңгейі 69%-дан 65%-ға дейін төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысы Марат Құрманбаев және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Тахир Нәдірбек хабарлама жасап, жұмыстар жайын баяндады.

Өңірде 10 504 шақырым электр желілері мен кернеуліктері, әртүрлі 2018 қосалқы станциялар бар. Қазіргі таңда, электр желілерімен қоңдырғыларының тозу деңгейі 60,9 пайызды құрайды. Осы орайда электр желілерімен қондырғыларының жаңғырту бойынша 74 жобаға бюджеттен қаржы бөлінген. Нәтижесінде электр желілері мен қоңдырғыларының тозу деңгейі 69 пайыздан 60,9 пайызға төмендетілген.

«Кеңес отырысында өңіріміз үшін аса маңызды екі бағыт – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және электр желілерінің тозуын төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды. Біз су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын күшейту мен энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерін жүйелі бақылауда ұстаймыз. Жол картасындағы міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуы – басты назарымызда. Барлық жауапты органдар және басқармалармен алдағы уақытта да осы қарқыннан таймай, жұмысты жандандыруды тапсырамын. Ел сенімі мен аманатын ақтауда алдымызда партия белсенділері ретінде бәрімізге бірдей жүктелер зор міндет тұр. Олай болса, баршаңызды бірігіп жұмыс жасауға шақырамын», - деді филиал төрағасы Жандос Базартай.

Жиында кеңес мүшелерімен ұсынылған мәліметтер бойынша ақпараттар кеңінен талқыланып, аталған салалардағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар көтеріліп, жауапты тұлғалар мен мекемелердің назарына жеткізу жөнінде тапсырмалар берілді.

Кеңес отырысының соңында партияның облыстық филиалының төрағасы партия белсендісі, кеңес мүшесі Маржан Бисенованы "AMANAT" партиясының Құрмет грамотасымен марапаттады. 

Тағы да оқыңыз: