Kyzylorda-news.kz  Аймақ басшысының тапсырмасымен Қызылорда қаласында каналдарды тазалау жұмыстары қарқын алуда. Солардың бірі – ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын «Қызылжарма» каналын арнайы техникалармен күл-қоқыстардан аршу, механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстарға «КазСтройПроект» ЖШС-нің 2 арнайы техникасы мен 15 жұмысшы күші жұмылдырылған. Тазалау барысында атқарылатын каналдың түбін тереңдету, аясын кеңейту жұмыстары арнаның су өткізу мүмкіндігін арттыруға септігін тигізбек.

Айта кету керек, осы канал арқылы Шанхай, КБИ, Коммунизм, Титов, Гагарин тұрғын аудандары мен Қызылжарма ауылдық округі аяқ сумен қамтамасыз етіледі.

Тағы да оқыңыз: