Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар бірлестігінің мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосты.
Жастар бүгінгі таңдағы қоршаған ортаны қорғау мәселесін қолдап, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірге Олимпиада чемпионы Илья Ильин атындағы саябақты тазалауға үлес қосуды жөн көрді. Акцияға атсалысқан Сыр жастары тазалық жұмыстарын сақтай отырып, тыйым салынған заттарды қоқысқа тастады.
Қызылорда облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұжымы қала көшелері мен саябақтарын қоқыстан тазартып, есірткі қылмысына қарсылық білдіріп, акцияға атсалысқаны үшін жастарға алғыс білдірді.