Kyzylorda-news.kz Қазгидромет 19 қаңтарда ел аумағында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратқа қарағанда, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағында қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның түсуіне, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде қардың түсуіне себеп болады.

- Республика бойынша желдің жаяу бұрқасынмен күшеюі, тұман мен көктайғақ күтілуде, - делінген синоптиктер болжамында.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қалың қар түседі.

Айта кетейік, кеше Алматы облысында ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: