Kyzylorda-news.kz Қазгидромет еліміз бойынша 26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумақтары солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Салдарынан ауа райының тұрақсыздығы туындайды. Қар жауып, республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын болады.

Елдің оңтүстігінде ғана антициклон әсері негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр

Республика бойынша бұрқасын, тұман, екпінді жел болады. Елдің батысында көктайғақ болжанып отыр.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы түнде 3 -15 аязға дейін, күндіз 6 -5 градус болады. Елдің батысында ғана температуралық режимде күрт өзгерістер болмайды.

Фото: pixabay.com

Тағы да оқыңыз: