Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында еліміздегі ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы айтып берді.

− Қазір бүкіл елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, 2025-2026 жылдардың өзінде Қашаған кенішінде газ өңдеу зауытын, сонымен бірге, «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры мен «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісін іске қосу жоспарланған, − деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Үкімет Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасын салады. Оған қоса, Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғыртылады.

− «Кендірлі» демалыс аймағында су тұщытатын зауыт жұмыс істей бастайды. Кәсіпорын Жаңаөзен қаласы тұрғындарын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етеді. Қарағандыда және Екібастұзда болат қорытатын зауыттар, Жамбыл облысында минералды тыңайтқыш өндіретін химия кешені пайдалануға беріледі, − деді Президент.

Фото: Pexels

Тағы да оқыңыз: