Kyzylorda-news.kz  Сырдария өзенінде күр (толық қатпаған мұздың түрі) жүруіне байланысты «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының Қарлан учаскесі мен Абай ауылының тұсындағы қалқымалы көпірлер уақытша алынып тасталған болатын.

Қазіргі таңда көпірлерге қатысты жағдай тұрақты бақылауға алынған. Абай ауылының тұсындағы қалқымалы көпір қалпына келтіріліп, қайта салынды. Ал, Қарлан учаскесіндегі қалқымалы көпірдің жанына арнайы учаскелік полиция инспекторлары қойылып, елді мекендердің тұрғындарына белгіленген айналма жолдар арқылы байланыс орнату түсіндірілді.

Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов Қарлан учаскесі мен Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы су торабына арнайы барып, Сырдария өзеніндегі күрдің жүруі мен қалқымалы көпірдің жағдайын бақылады. Қазіргі таңда Қарлан учаскесіндегі Сырдария өзенінің арғы бетінде орналасқан елді мекендер Әлсейіт учаскесі арқылы аудан орталығымен байланыс жасауда.

Қарлан учкскесіндегі қалқымалы көпір ауа райына және Сырдария өзеніндегі мұз толықтай ұстасқаннан кейін қайта қалпына келтірілетін болады.

Аудан әкімі Қарлан учаскесіндегі қалқымалы көпірден кейін, Сырдария өзеніндегі темір бетонды көпір құрылысын көрді. Қазіргі таңда мердігер мекеме «НұрлыТау ЛТД» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі көпір құрылысының Сырдария өзеніндегі суды уақытша бөгеу арқылы бетонтіреулерді құю жұмыстары мен көпірдің кіреберіс жолдарын салу жұмыстарын жүргізуде.

Қазалы.jpg

Тағы да оқыңыз: