Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облысы тұрғындарының өтініштерінің басым бөлігін медициналық қызметтердің сапасына қатысты мәселелер құрайды. Бұл туралы Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыныңоблыстық филиалының директорының м.а. Жұпар Алхожаева мәлімдеді.

Спикердің мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 468 өтініш түскен. Негізінен медициналық қызметтердің сапасы, медициналық көмек көрсетуден бас тарту мәселелері бойынша.                  

«Көп жағдайда қызылордалықтар 1414 Бірыңғайбайланыс орталығы арқылыжүгінеді, желіге 220сұрақ пеншағым түсті.Одан бөлек, Қор мамандары «Qoldau 24/7»мобильді қосымшасында 219 өтінішті өңдеді. Мұнда құжаттар қоса берілген мәтіндік форматтағы өтініштер жолданады. Әрі қарай өтінішке реттік нөмір беріледі, содан кейін өңдеу мәртебесі бақыланады», - деді Жұпар Алхожаева.

ӘМСҚ-ның филиалының өкілі МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарды Қордың fms.kz ресми сайтында және Telegram-да Saqtandyrybot арқылы да шешуге болатынын айтты. Сонымен қатар, жоғарыда аталған байланыс арналары арқылы, сондай-ақ Halyk Bank, Kaspi Bank мобильді қосымшаларында және egov.kz электронды үкімет порталында сақтандыру мәртебеңізді анықтауға болады. 

Брифинг соңында спикер МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін қалай алуға болатынын түсіндірді.

Тағы да оқыңыз: