Kyzylorda-news.kz Бүгінгі таңда медициналық мамандықта білім алғысы келетіндер қатары артуда. Бұл әрине бізді қуантады. Осы орайда Гиппократ атына адал болып, өз ісің адал атқарып жүрген мамандар жетерлік. Соның бірі – Айгүл Әлиханқызы. Ол «Жұқпалы аурулар» бөлімшесінде әріптестерімен бірге дертті еңсеруге қарсы тұрды.
12410 күн. Бұл дегеніміз – ақ халатты абзал жанның табан аудармастан бір бөлімшеде еңбек еткен жылдарының тізбесі. Яғни, 34 жыл бойы нағыз қауіптілігі жоғары бөлімшеде Гиппократ антына беріктігін таныту – нағыз ерлік. Арал ауданында №14 орта мектепте білім алып, медициналық мамандықты Орынбор қаласында меңгерген. Тереңөзекке келін болып келген сәттен «Жұқпалы аурулар» бөлімшесінде қызметке орныққан.
– Медбике ретінде маған тапсырылған жұмысты сапалы орындап, емделушіні емдеп жазуға міндеттімін. Біздің бөлімшеде сан түрлі дертке байланысты өзгеге жұқтыру көрсеткіші жоғары жандар ем алады. Науқасты оқшаулап, дәрігер тағайындаған ем-шараны қолданамыз. Өзімізде қауіпсіздікті естен шығармаймыз. Дертіне дауа іздеген жандар үнемі алғысын жаудырып жатады, – дейді Айгүл Әлиханқызы.
Бүгінде ардақты ана жолдасымен бірге 5 перзент тәрбиелеп отыр.