Kyzylorda-news.kz. Жергілікті халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында кешенді іс-шаралар қабылдану – маңызды рөл ойнайды. Денсаулық сақтау саласында атқарылуға тиісті жұмыстар баршылық. Бүгінде Сырдария аудандық аурухана мен емхананың халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Шындығында, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауқымды жобалар жасалынғаны құптарлық жағдай. Әрине, халық денсаулығын жақсарту жолында медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру, сондай-ақ аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бағытында бір шама іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жалпы, профилактикалық медицинаны дамыту бойынша жасалатын жұмыстар халық үшін тиімді. Созылмалы дерті бар жандарды тұрақты түрде профилактикалық тексеруден өткізіп, сырқатынан айықтыруға болады.
Көпшіліктің қазіргі уақытта денсаулығы сын көтермейтіні рас. Сондықтан аймақтық дәрігерлер науқастардың аурушаңдық деңгейін төмендетуге барын салады деп сенеміз. Қоғам өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі – ана мен бала денсаулығы екені жасырын емес. Ана мен бала денсаулығын қорғау барысында ескерілетін мәселелер көп. Ананың денсаулығына жіті көңіл бөлініп, жүктілік кезінде немесе созылмалы дерті пайда болған кезінде дәрігер бақылауында болғаны дұрыс.
Бұл ретте, аудандық ауруханада «Балалар» бөлімі, «Хирургия» бөлімі, «Терапия» бөлімі, «Жансақтау» бөлімі, «Гинекология» және «Перзентхана» бөлімі, «Оңалту және қалпына келтіру», мен «Паллиативті көмек» бөлімі, «Жұқпалы аурулар» бөлімі бойынша тұрғындарға 110 төсек орын жұмыс жасайды. Бүгінде аталған бөлімдерде науқастарды емдеп-жазуға тиісті іс-шаралар қабылданады. Әрбір бөлімнің өзіндік атқаратын қызметі бар. Сонымен қатар «Қабылдау» бөлімі мен «Жәдел жәрдем» қызметіне жүгінетін сырдариялықтар қатары жеткілікті. Әрине, үй жағдайында сырқаттанған тұрғындарға алғашқы көмек көрсету қауіпті дерттердің алдын алады. Осы ретте, медицинаны дамытуға күш сала білгенде халықтың денсаулық жағдайы жақсара түспек. Қай кез де, медицина мамандарының қызметін жоғары бағалай білуіміз керек.
