Kyzylorda-news.kz   – «Алло, сәлеметсіз бе? Тегін дәрі-дәрмек келеді мекен? Балам ауырып қалды. Учаскелік дәрігерді үйге жібересіз бе? Бүгін қабылдау нешеге дейін айтып жібересіз бе? Дәрігерге жазылайын деп едім» деген сауалмен күнделікті көше тұрғындары үздіксіз медбике Мира Елекееваға хабарласады. Барлық қоңырауға байыппен жауап беретін сала маманы дәрігер мен тұрғынның арасындағы алтын көпірге айналған.

Расында, аймақтық медбикенің жұмысының қауырт екенін жақсы білеміз. Барлық жұмысты жан-жақты үйлестіре білетін жан Сырдария ауданына қарасты Іңкәрдария ауылында дүниеге келген. Осыдан 35 жыл бұрын қолына дипломын алған сала маманы алғаш туған ауылындағы емдеу мекемесінде қызмет еткен. Содан кейін 2002-2004 жылдары «Туберкулезге қарсы диспансерлік» ауруханасында ұтымды жұмысымен танылған. Соңғы 18 жылда аймақтық медбикенің еткен қызметін жоғары бағалаған аурухана ұжымы оны жоғарғы марапаттарға ұсынған. Әрине, қажырлы еңбекке берілген лайықты баға ел есінде қалары сөзсіз. Ұдайы емделушімен байланысын үзбейтін сала маманының жұмысына сәттілік тілейміз.

Негізінен, Құдай қосқан қосағымен Мира Берікболқызы 4 перзентті тәрбиелеп өсірді.

Тағы да оқыңыз: