Kyzylorda-news.kz Жатыр мойны обыры (цервикальды обыр) – бұл жатыр мойнының жасушаларынан дамитын қатерлі ісік. Бұл әйелдер арасында кездесетін онкологиялық аурулардың ішінде жиі кездесетін түрі болып табылады. Жатыр мойны обырының басты себебі – адам папиллома вирусы (АПВ, HPV).

Адам папиллома вирусы, яғни HPV-ның жоғары қауіпті түрлері (16 және 18 түрлері) обырдың негізгі себептерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар жатыр мойнының қатерлі ісігіне иммундық жүйенің әлсіреуі, ерте жыныстық қатынасе шылым шегу, гормоналды контрацептивтерді ұзақ пайдалану, тұқымқуалаушылық сынды жағдайлар себеп болуы да мүмкін. Қатерлі дерт ерте кезеңдерінде көбіне симптомсыз жүреді. Ал пайда болған жағдайда жыныс жолдарынан қалыптан тыс қан кету, қынаптан ерекше бөлінділердің бөлінуі, төменгі іштің немесе жамбас аймағындағы ауырсыну сияқты белгілер біліне бастайды.

Жатыр мойны обырын диагностикалауда Пап-тест, HPV-тест, биопсия, кольпоскопия шаралары жүргізіледі. Аурудың даму сатысына байланысты ем тағайындалады. Оның ішінде ерте кезеңде хирургиялық жол, лазерлі терапия немесе криотерапия ем-домы жасалса, 2-3 сатысында химиотерапия, сәулелік терапия, радикалды хирургия жүргізіледі. Ал соңғы сатыларында науқасқа химиотерапия және иммунотерапия ем-шарасы жүргізіледі.

Мұндай қатерлі дертті болдармау үшін HPV-ға қарсы вакцинация алған дұрыс. Жылына бір рет Пап-тест немесе HPV тест тапсыру қажет. Сонымен бірге шылым шегуден бас тарту, қорғаныс құралдарын пайдалану, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстанған жөн.

 

Жамила Таджимбетова,

№6 Қызылорда қалалық емханасының онколог мейірбикесі

Фото: ortcom.kz

Тағы да оқыңыз: