Kyzylorda-news.kz. Қашанда жүгі ауыр, жауапкершілігі мол салада еңбек етуге 20 жасында келген Жанат Сманова өзінен үлкендерге қарап бой түзеп келеді. Тереңөзек кентіне іргелес жатқан Асқар Тоқмағамбетов ауылында дүниеге келген жас маман осыдан 12 жыл бұрын Қызылорда медицина колледжін тәмамдайды. 

Алғашқы жылдары «Жұқпалы аурулар» бөлімшесіне жұмысқа қабылданған Жанат Әнуарбекқызы аға аяжан ретінде өзі қалаған мамандықтың ыстық-суығына көндігеді. Ұжымның жұмысын ыждағаттылықпен атқарып, қоғамдық қызметте де, белсенділік танытады. Сала маманы 2020 жылы жаңадан ашылған «Амбулаториялық медициналық оңалту және қалпына келтіру емі» бөлімшесіне ауысады. Бүгінде аға аяжан атанған Жанат Әнуарбекқызы басшылық артқан сенім үдесінен шығуда. 

– Біздің бөлімшеде сала мамандары науқастарды сырқатына байланысты оңалтуға күш жұмсайды. Дәрігер жолдамасы негізінде сан түрлі ем-шараны қолданамыз. Наусқастар жан-жақты ем қабылдап, кәсіби біліктілігі жоғары әріптестерімнің көмегіне жүгінеді. Әрине, осындай жауапкершілігі мол жұмыста жетістікке жетуіме жолдасым мен балаларым қолдау көрсетіп отырады. Бұр ретте, нағыз көрінбейтін майданда жүретін медбикелерді мерекемен құттықтаймын, – дейді Жанат Сманова.

Тағы да оқыңыз: