Kyzylorda-news.kz  Республикадағы үздік ауылдар қатарына кіретін Нағи Ілиясов ауылының тумасы Жанерке  Шахтаева аудандық ауруханадағы жас дәрігерлер қатарында. Ол – бүгінде «Жұқпалы аурулар» бөлімшесінің дәрігері қызметін атқаруда. Негізінен, Жанерке Жәнібекқызы 1995 жылы берекесі тасыған елді мекенде дүниеге келген.

Мамандығы бойынша жас дәрігер Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, кейіннен Қазақ-Ресей университетінде білімін жетілдірген. Жас маман интернатураны  2020 жылы тәмамдап, Қостанай облысындағы Қарабалық ауданыдағы ауруханада алғашқы еңбек жолын бастаған. Араға 1 жыл салып, туған жерге оралған дәрігер Сырдария аудандық ауруханасына қарасты «Қабылдау» бөлімшесінің дәрігері атанған.

– Жылдың қай мезгілі болмасын адамдар арасында сырқаттанушылық көбейіп отырады. Ал жаз мезгілінде жұқпалы дерттер жоғарылап отыр. Сондықтан ересектер мен балалар дертті жеңу үшін ағзаға күш қуат беретін дәрумендер, сұйықтықтар көптеп ішу керек. Бөлімшеде емделіп жатқан науқастарға барынша ем-шара жасап, сауықтыруға үлес қосудамыз. Қашанда ауырмайтын жол іздеп, жұқпалы аурулардан сақтанған абзал, – дейді жас дәрігер.

Жас маман отбасында 3 ағайынды. Оның қажырлы еңбегі үшін аудан әкімі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы «Алғыс хаты» берілген.

Тағы да оқыңыз: