Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Қаракеткен, Аламесек және Мырзабай ауылдық округтерінде жаңадан пайдалануға берілген амбулаториялық емханалардың қызметімен танысты. Сапар барысында заманауи талаптарға сай медициналық көмек көрсету мәселесіне тоқталып, халыққа қолжетімді әрі сапалы қызмет ұсыну қажеттігін тапсырды.

– Облыс әкімінің қолдауымен ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа амбулаториялар іске қосылды. Бұл – Мемлекет басшысының ауыл халқына деген ерекше қамқорлығының айқын көрінісі. Сапалы медициналық көмек көрсету – басты міндеттердің бірі. Осыған орай, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын күшейтіп, қызмет көрсету деңгейін көтеруге және нысандарды ұқыпты пайдалануға ерекше назар аудару қажет, – деді Ардақ Ибраимов.

Аудан әкімі ғимараттардың санитариялық жағдайын, құрал-жабдықтардың тиімді қолданылуын, жылумен, сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етілуін бақылап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

1 Жалағаш Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.jpg

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: