Kyzylorda-news.kz Ақтөбеде аулаға жүгіріп шығып, ойын алаңына қарай беттеген 3 жасар қыз көлік астына түсіп қалды. Рөлде болған адам ішімдік ішпеген.

Оқиға Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 жастағы жүргізуші ішімдік ішпеген.

– 1 желтоқсан күні сағат 15:20–да Toyota көлігінің жүргізушісі 2021 жылы туған қыз баланы қағып кетті. Қазіргі кезде бала ауруханада. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, – деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Тағы да оқыңыз: