Kyzylorda-news.kz. Асылында, медицина саласында әрбір маманның өміріне қауіптілігі жоғары қызмет түрі бірнеше сатыға бөлінген. Біздің кейіпкеріміз – Гүлнар Әбішова Сырдария аудандық емханаға қарасты «Рентген» бөлімшесінде еңбек етеді. 1997 жылы 24 жасында қызметке араласқан сала маманы рентген-лаборант болып жұмысқа орналасады.
Жылына мыңдаған науқасты флюорографиядан өткізуге атсалысатын ұжымның белді мүшесі Гүлнар Мүсілімқызы Қараөзек ауылында дүниеге келген. Соңғы 30 жылда бір бөлмішенің жұмысын үйлестірген оның жайдарлы мінезі айналысына тек жақсылық сыйлары мәлім. Алдына келген емделушіні жылы қарсы алып, сапалы қызмет көрсетуге ұмтылады.
– Кәсіби маман атану үшін тек алған білім жетіспейді. Күнделікті жұмыс барысында заман көшіне ілесе алған жақсы. Заманауи бағыттағы медицинада әрбір маманға жоғары дәрежеде талап қойылады. Біз сол үдеден шығу мақсатында барымызды саламыз. Өз кезегінде аға буынның тәлімін алып, соңғы 30 жылда медицинадағы өз орнымызды қалыптастыра алған едік. Әркез сырқатына дәру іздеген адамға көмек қолын созған сала мамандарына кәсіби мерекеде тек жұмысына табыс тілеймін. Ұжымның абыройы барлығымызға ортақ, – дейді рентген-лаборант.
Гүлнар Әбішова қызметте біліктілігі жоғары маман болса, отбасында аяулы жар, 3 перзенттің анасы.