Kyzylorda-news.kz. Биылғы жыл Сыр медицинасы үшін жағымды жаңалықтарға толы жыл болды.
Денсаулық сақтау саласына биыл 138,6 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды.
Өңірде жаңа заманауи медициналық нысандар бой көтеруде. Мәселен, Қызылорда қаласында 36,4 млрд теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталды.
Медицина ұйымдарын сапалы қанмен қамтамасыз ету мақсатында
2,9 млрд теңгеге Қан орталығының құрылысы қарқынды жүруде.
Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 27 медициналық нысан салынады. Оның 15-і биылғы жылы ел игілігіне пайдалануға берілуде.
Саланың материалдық-техникалық базасын жаңартуға 5,3 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан.
Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметіне осы жылы 25 санитарлық көлік алынды.