Kyzylorda-news.kz  Нарықтық уақытта медицинада тың өзгерістер орын алуда. Мәселен, технология дамыған тұста көптеген аппарат пайда болып, адам денсаулығындағы кінәратты анықтауға мүмкіндік молая түсті. Бұл ретте, ултрадыбыстық зерттеу аппаратын жетік меңгерген дәрігер Салтанат Қожахметова емдеуші мамандарға бағыт-бағдар беруден шаршамайды. 

Ақжарма ауылының тумасы Салтанат Асқарқызы елді мекендегі мектептеп түлеп ұшып, Алматы қаласындағы Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқиды. Сүйікті мамандығының иесі атанған дәрігер алғашқы еңбек жолын Жалағаш ауданында бастаған. Ал 2014 жылы Сырдария аудандық ауруханасына профпатолог болып қызметке орналасады. Сонымен қатар 2017 жылы ултрадыбыстық зерттеу дыбыстық дәрігері қызметі ауысады. 

Осыдан 10 жыл бұрын Шырынхан Сәметовтің аяулы жары атанған дәрігер 3 перзентіне тәлім-тәрбие беруде. 

– Жалпы, медицинада ултрадыбыстық зерттеу жүргізу – маңызды рөл атқарады. Біз қашанда нақты диагноз қоюға ықпал жасаймыз. Шын мәнінде, жедел шақыртуларға келіп, әріптестер қатарынан табыламыз. Сонымен қатар емханада жолдамамен келген науқастардың денсаулығына тексеру жүргіземіз. Әркез біліктілікті арттырып, жұмысты жетілдіріп отырамыз, – деді дәрігер.

Тағы да оқыңыз: