Kyzylorda-news.kz Кеше Қармақшы аудандық емханасының жылжымалы медициналық кешені Төребай би ауылының тұрғындарына 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, «Менің денсаулығым, менің құқығым!» ұранымен емхананың тар буынды маман-дәрігерлері медициналық тиімді және қолжетімді қызмет көрсетуде.
Жылжымалы кешенде сарапшылық деңгейдегі қызметтер, ( УЗИ, ЭКГ, флюрография,лаборант), кардиолог, ультрадыбыстық зерттеулер дәрігері, окулист, терапевт, психолог, невропатолог, эндокринолог, лор, стоматолог, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру маманы және тағы да басқа мамандар қызмет көрсетіп, келушілерді тексеруден өткізді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарынан «Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтарының үлесін» анықтауға байланысты электронды сауалнамалар QR код арқылы алынып, толтырылды. Мұнан өзге тұрғындарға көрсетіліп жатқан амбулаториялық деңгейдегі медициналық көмекке қанағаттанушылығы жөніндегі сауалнама да алынды.
Сондай-ақ, ауыл халқының өз денсаулығын нығайтуда салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, зиянды әдеттерден арылу жолдары насихатталып, тренингтер жасалды. Келушілер арасында спорттық жаттығулар мен ойындар ұйымдастырылды. Ақпараттық танымдық материалдар таратылып, кеңестер берілді.