Kyzylorda-news.kz. Танзанияның Занзибар аймағындағы Пемба аралында теңіз тасбақасын жеген 8 бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сонымен қатар, тағы 78 адам уланды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі жазды.
Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Хаджи Бакари Хаджидің мәлімдеуінше, медициналық зертхананың қорытындысы бойынша уланғандардың сейсенбі күні тасбақа етін жегені белгілі болды.