Kyzylorda-news.kz  Сырдария ауданының орталығынан шалғайда орналасқан Аманкелді және Жетікөл ауылындағы жергілікті халықты медицналық көмекпен қамтамысыз ететін жалпы тәжірибелік дәрігер Жанар Аманкелдина ел алғасын арқалап жүрген жан.

Білікті маман Жанар Аманкелдіқызы 1986 жылы қазіргі Шиелі ауданына қарасты Тартоғай елді мекенінде дүниеге келген. Ол – 1992-2003 жылдар аралығында ауылдағы №153 Ш.Есенов атындағы орта мектепте білім алған. Қашанда науқас жанына араша түсетін сала маманы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік акадамиясында «Балалар дәрігері» мамандығы бойынша білімін жетілдірген. Өз кезегінде Жанар Аманкелдіқызының алғашқы еңбек жолы туған жер топарағында басталады. Сонымен қатар аудан орталығындағы «Шапағат» емханасында еңбек етсе, кейіннен оған Шиелі аудандық емханасының бас дәрігерінің балалар жөніндегі орынбасары міндеті жүктелді. 

Тәжірибесі мол маман 2013 жылы аманкелділік Қайрат Найманмен отау құрады. Берекесі тасыған іргелі ауылдың келіні атанған Жанар Аманкелдіқызы №3 қалалық емханаға педиатр ретінде орналасса, араға бір жал салып, Аманкелді ауылдық ауруханасына қызмет ауыстырады. Міне, 10 жылдан бері аталған елді мекенде еңбек етіп келе жатқан сала маманы абырой биігінен көрініп келеді. 2017-2020 жылдар аралығында ауылдық аурухананың меңгерушісі ретінде қызмет атқарса, бүгінде жалпы тәжірибелік дәрігер көпшілікке денсаулығына байланысты кеңес беруде.

Негізінен, Жанар Аманкелдина облыс әкімінің «Сыр үміті» жастар сыйлығының, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісінің, «Қазақстан республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісінің» иегері атанған. Ардақты дәрігер бүгінде 3 перзенттің аяулы анасы.

Тағы да оқыңыз: