Kyzylorda-news.kz. Медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымдылығымен маңызды. Сырдария ауданы облыс орталығына жақын орналасқандықтан, жергілікті тұрғындар кешенді медицинаның игілігін көруде. Қазіргі таңда аудандық емханада кезекті электронды басқару жүйесін енгізу мақсатында электронды терминалдар іске косылып, тіркеу бөлімі жұмысын модернизацияланып, цифрлы пост құрылған. Сондай-ақ CALL-орталығы жұмыс жасайды. Бұл дәрігерлер кабинетіндегі кезекті азайтуға мүмкіндік береді. Пациенттердің дәрігерлерге алдын ала жазылуын енгізу пациенттің жеке уақытын жоспарлауға, олардың медициналық ұйымдарда өткізетін уақытын 1 сағаттан 15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді екен.
Жалпы, аудан бойынша науқастар электрондық жүйе арқылы дәрігерге жазылып, емханаға тіркеліп, қажетті консультация ала ала алатындығын ескертейік. Сонымен қатар дәрігерлік қабылдауға телефон және интернет арқылы яғни, «Egov» электрондық үкімет порталы және «Дамумед» мобильді қосымшасымен жазылу мүмкіндігі бар.
Өз кезегінде «WhatsApp», «Telegram» және басқа ұялы байланыс абоненттері арқылы «МЭМС», «ТМККК» және «БЖТ» жөнінде үгіт-насихат материалдары және атқарылған жұмыстар туралы көпшілік назарына жариялану үстінде.
Тиісті сала мамандарының келтірген мәліметіне сүйенсек, аудандық аурухана мен емханада 717 қызметкер бар екен. Оның ішінде, 71 дәрігер, 395 орта буынды қызметкерлері, 125 кіші буынды және 126 басқа да қызметкерлер жұмыс істеуде. Жалпы, аудан көлемінде дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 10 000 халыққа шаққанда 20,3 пайызды құрайды. Орта буынды медицина қызметкерлері 113,3 пайыз болып табылады.
Қазіргі уақытта медицина саласында электронды жүйеге көшу арқылы дәрігерге қаралу біршама жеңілдей түскен. Дегенмен, жергілікті халықтың көпшілігі үйден шықпай-ақ дәрігерге жазыла алатындығын білмейтіні рас. Көбіне, үлкен буын өкілдері таңазанымен дәрігерге көріну үшін кезекке тұрады. Өз уақытымызды босқа өткізбес үшін электронды бағдарламалардың көмегіне жүгінген дұрыс секілді, – деді кент тұрғыны Айткүл Арысбай.
Негізінен, медицинаның сан саласына қатысты халық арасында көптеген пікір бар. Қазіргі уақытта кез келген ауру жас талғамайтын болған. Жалпы, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту үшін медицина мамандары елді мекендерді аралап, тұрғындардың денсаулығын тексеруді жолға қойған.
