Kyzylorda-news.kz. Шын мәнінде, 12 мамыр – халықаралық медбикелер күніне орай жыл сайын аймақтың медицина қызметкерлері арасында «Үздік маман» кәсіби сайысы өткізілетіні баршаға мәлім Аталған сайыста медицина қызметкерлері өз біліктіліктерін көрсетіп, кәсіби біліктіліктерін барынша байқатады.
Биылғы кәсіби сайысқа фельдшер мамандығы бойынша Сырдария ауданынан Айжан Жақсылықова қатысып, облыста «Үздік фельдшер» атанғанын мақтанышпен айта кетейік. Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының білікті маманы кеше атаулы мереке орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада марапатталған болатын. Енді үздік фельдшер өңір намысын республикада қорғайтын болатыны көпшілікке аян.
Біз күн сайын жүздеген науқысты емдеп-жазуға атсалысамыз. Өмірде сан түрлі диагноз болады. Адам бойындағы кінәратты анықтап, дер кезінде шешім қабылдау маңызды рөл ойнайды. Жаны қысылған науқасқа көмек көрсету – басты мақсатымыз саналады. Осы байқауда өзімнің күнделікті жүргізіп жүрген ем-шараларды көрсетіп, үздік болуға талпындым. Негізінен, фельдшердің жұмысы өте ауыр келеді. Осындай күрделі жұмысты абыроймен алып жүру – зор мақтаныш, – деді Айжан Жақсылықова.
Науқастарға жедел жәрдем көрсетіп жүрген Айжан Сейтқалиқызын жетістігімен құттықтаймыз!