Kyzylorda-news.kz. Бүгінде денсаулық сақтау саласында елеулі жұмыстар жасалуда. Тың өзгерістер мен реформалардың нәтижесінде, халықтың денсаулығын жақсартуға көңіл бөлінуде. Жылдар бойы сырқатына шипа іздеген жандар медицинаның көмегіне жүгінеді. Бұл ретте, аудан медицинасының негізгі басым-бағыттарын саралау, атқарылған жұмыстарды таразылау мақсатында аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғасбек Үсеновпен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Жалғасбек Тұрлығұлұлы, аудан медицина саласында жыл көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсеңіз.
– Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық денсаулығын жақсарту жолында медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру, сондай-ақ аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бағытында бір шама іс-шаралар жүзеге асырылды. Өңірлік жоспарды негізге алып, Сырдария аудандық ауруханасына 34860 тұрғынға медициналық көмек көрсетіледі. Мекеме құрамында 110 төсек орындағы аудандық аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет бар. Аудандық аурухана құрамында балалар бөлімі, хирургия бөлімшісі, терапия бөлімі, жансақтау бөлімі, гинекология және перзентхана бөлімшесі, оңалту және қалпына келтіру, паллиативті көмек бөлімшесі, сонымен қатар жұқпалы аурулар бөлімшелері жұмыс жасауда. Қазіргі таңда аудандық денсаулық сақтау саласында барлығы 717 қызметкер бар. Оның ішінде, 71 дәрігер, 395 орта буынды қызметкерлері, 125 кіші буынды және 126 басқа да қызметкерлер қызмет атқаруда. Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 94,25 пайыз құрайды. 2023 жылдың 3 айында қабылданған қызметкерлер болмағанымен, бүгінгі күннің нәтижесі бойынша 3 жалпы тәжірибелі дәрігер қабылданып,1 эндоскопист және 1 офтальмолог дәрігерлер сырттай қосымша қызметке тартылған. Қызметкерлердің санаттылықтарына тоқталып өтсек, ауданда 71 дәрігердің 54 санаттылығы бар – 76,0%, орта буынды медицина қызметкерлерінің санаттылығы барлары – 230, яғни 58,2 пайызды құрайды. Санаттылығы жоқтарының еңбек өтілі 5 жылдан төмен. Олардың маман сертификаттары бар. «Медициналық оңалтуды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 7 қазандағы №ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы негізінде 2020 жылдың қазан айында аудандық емханада амбулаториялық медициналық оңалту және қалпына келтіру емі және 10 төсектік күндізгі оңалту бөлімшесі ашылды.
2023 жылдың I тоқсанында 33 науқас ем қабылдады. Жалпы күндізгі стационарда 911 науқас ем алған. 2023 жылдың 3 айында аурушаңдығын талдау жасайтын болсақ тіркелген аурушаңдық көрсеткіші – 11910. Оның ішінде, алғашқы рет тіркелгендер саны 5180. Аурушаңдықтың І орында тыныс алу жүйесінің, ІІ орында ас қорыту жүйесінің, ІІІ орында несеп және зəр шығару жүйесінің аурулары болып табылады. 2023 жылдың 3 айында 161 нәресте дүниеге келді. 2023 ж І тоқсанында сәби шетінеуі тіркелмеген.
Жалпы, өлім көрсеткішіне тоқталатын болсақ, 2023 жылдың 3 айында барлығы 50 науқас қайтыс болды. Оның ішінде, еңбекке жарамды жастағылардың саны жоғарылауы байқалады.
Үй жағдайында тіркелген өлім-жітім 32 жағдай. Ауруханада қайтыс болғаны 14 жағдай. Басқа жерде қайтыс болғаны 4 жағдай. Өлім-жітім көрсеткішін себептері бойынша талдайтын болсақ, бірінші орында қан айналым жүйесі аурулары 13 жағдай. Екінші орында кәрілік 11 жағдай. Үшінші орында тыныс алу жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 7 жағдай.
– Жедел-профилактикалық іс-шаралар қалай жүзеге асырылады?
– Ең алдымен, қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі онкология саласына тоқтала кетсек. Жол картасын жүзеге асыру барысында профилактикалық кабинеттер жұмыс жасауда. Дәрігерге дейін қарау кабинеттері, 10 әйелдерді қарау және ерлерді қарау кабинеттері жұмыс жасауда. Қатерлі ісіктер бойынша жалпы диспансерлік есепте тұрған науқастар саны 224. Қатерлі ісік ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші 3-8,6 құрады. 60 жас және одан жоғары жастағы адамдардың профилактикалық тексерумен қамту жұмыс нәтижесінде 1 қатерлі ісік, 11 ісік алды аурулары анықталды.
Қатерлі ісіктер бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасымен белгіленген 4 бағалау индикаторлары бекітілген. Атап айтқанда, қатерлі ісіктерді ерте 1-сатысында анықтау, 3-4 сатысында анықталған визуалды локализациялар, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім және 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші. Осы көрсеткіштердің үшеуіне қол жеткізіп, біреуіне яғни, 5 жылдық өмір сүру үлесі бойынша қол жеткізілмеді. Осы бағытта 5 жылдық өмір сүру көрсеткішін көтеру мақсатында жұмыстар жалғасын табуда.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-174/82020 бұйрығы «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы бұйрығы» бойынша жүргізіледі.
Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында жүргізілетін скринингке жоспарланған әйел саны – 1667. Жылдың басында аппарат іске қосылмауына байланысты аталған скрининг жүргізілмеген болатын. Қазіргі таңда аппарат іске қосылып, 426-25,5% әйел тексеруден өткізілді. Екінші оқылым үшін облыстық онкология орталығына 426 пленка жолданды. Қорытындысы күтілуде. Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша жоспар 1125, оның ішінде, 455. Тік және тоқ ішек қатерлі ісігі бойынша 2067 адам жоспарланып, 347 тексеруден өтті. Оның ішінде, оң нәтижелі гемокульт-тест 30-8,6. 2023 жылға қан айналым жүйесі ауруларын ерте сатысында анықтау мақсатында жоспарланған адам саны 3210, оның ішінде ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1022 адам тексеруден өтіп, 13 ауру анықталып, барлығы да диспансерлік есепке алынды. Қан айналым жүйесі ауруларынан асқынуының алдын алу мақсатында күнделікті қан қысымын бақылау құралы (СМАД) және ЭКГ-ні күнделік холтермонитерлеу (ХОЛТЕР), Телеметрия аппараттары жұмыс жасауда. Жүрек қан тамыр жүйесі ауруларына жоғары қауіп қатер тобына 830 адам анықталып, жоспарға сәйкес холтерлік мониторлеуден – 254, тредмилден 7 науқас қамтылды. Глаукома бойынша жоспарланған жалпы 4020 халықтың 1183 қамтылған. Ауру анықталмаған. Қант диабеті ауруын ерте сатысында анықтауға жоспарланған 3954 адам, 1086 тексеруден өткен. Оның ішінде, 4 ауру, яғни 0,4 пайыз анықталып, 11 науқас есепке алынды.
0-17 жас аралығындағы балдарды скринингтік тексерумен қамту бойынша ағымдағы жылға жоспарланғаны 11819 бала. 3 айда орындалғаны 575 болып табылады. Анықталған аурулар саны –160. Туберкулезге қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар нәтижесінде, туберкулезбен аурушаңдылық және өлім-жітім көрсеткіштерінің соңғы 5 жыл көлемінде тұрақты түрде төмендеуге аудан бойынша бағыт алған. Туберкулездің таралуы былтырғы жылмен салыстырғанда алғаш рет тіркелген туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 3-7. Профилактикалық байқаумен табылған науқас саны – 3. Туберкулездің тұрақты түрінен айығу, туберкулез ошағындағы барлық балалар уақыты тексеріліп, диспансерлік есепке алынып, ошақта оқшаулау көрсеткіштері 100 пайызды құрады. Туберкулез ахуалы бойынша 15 индикатордың 73,3 пайызы орындалып, тек 4-26,6% индикатор орындалмай отыр. Туберкулезді анықтауға негізгі бағытта аудан бойынша флюоро зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданда 2 флюоро қондырғы (1-Шаған ДА),1 жылжымалы рентген аппарат, 2 рентген қондырғысы және жылжымалы флюоромашина жұмыс жасайды. 2023 жылы кесте бойынша жоспарланған елді-мекендерге уақытылы зерттеулер жүргізіліп, аудан халқы флюоротексерумен жоспарға сәйкес, 3 ай қорытындысымен 3864 адам флюорографиялық байқаудан өткізу жоспарланып, оның 3466-сы өткізілді.
– Мүмкіндігі шектеулі жандардың тексеруден өту мен науқастардың емделу барысы қалай жүзеге асырылады?
– Алғашқы мүгедектікке шығудың көрсеткіштері 2023 жылдың 3 айында бірінші рет ауданда мүгедектікке шыққандар саны – 27. Балалар арасында – 7. Суицидтің алдын-алу жол картасы бағдарламасы аясында ересектер арасында тәуекел тобы жасақталып, тексерулерден өткізілуде. Суицидке тәуекел топтың критериилері бойынша 400 адам жоспарланып, оның ішінде 74-1, - ересектер (2022ж 3 айы-81-2,2%),5 -0,1%- жасөспірімдер (2022ж 3 ай-5-0,1%)тәуекел тобына алынды, 100%-на психолог кеңесі беріліп, психокоррекциялық жұмыстар (кеңес беру, түсіндірме жұмыстары, өзіндік бағалауын көтеру,өмірге деген құштарлығын арттыру) жүргізілді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде, есеп мерзімінде өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері тіркелмеді. Ауруханада 2023 жылы 3 айында емделіп шыққан науқас саны – 1061. Төсек орны орындалуы 100 пайыз. Жоспарлы түрде жатқызылғандар саны – 369 науқас 34,7% құрады. 2023ж 3 айында ауруханада жасалған оталар саны – 75. Ана мен бала денсаулығын сақтау денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың 3 айлық қорытындысы бойынша ана өлімі мен сәби өлімі орын алған жоқ.
Емханада барлығы штаттық бірлікте 10,5 дәрігер жұмыс атқарады, қамтылуы 100%. ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» №92 бұйрығына сәйкес әйелдердітерапевт, акушер-гинеколог, психиатр, фтизиатр, онколог, эндокринолог, психолог және ЗОЖ мамандарымен қамтылған мобильді топ елді мекендерге шығу арқылы ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерді профилактикалық тексеруден өткізуді жүйелі түрде жүргізілуде. Ұрпақ өрбіту жасындағы 7053 әйелдер бар. 2023 жылдың 3 айында 11елді мекенге шығып, барлығы 2440 әйел тексеріспен қамтылды. 2В тобында барлығы 93 1,3% әйел бар. Оның 79-84,9%-на контрацепция жасалған. Жүктілікті жоспарламайтын 2 топтағы әйелдер 1047-14,8%, контрацепция 544-51,9%-на жасалды. Әлеуметтік осал 5-ші топта 394-5,5% әйел болса, оның 280-71,0%-на контрацепция жасалды. Мерзімінен бұрын босану көрсеткіші бойынша 6 жағдай тіркелді, Ауыр преэклампсия үлесі бойынша 4. 2022-2023 жылдарға ана өлімі және сәби шетінеуін төмендету мақсатында қысқа мерзімді оперативті жоспар бекітіліп, жоспар бойынша іс-шаралар орындалуда.
– Медицина саласын дамыту бойынша қаражат мәселелерін шешу бағытында атқарылған жұмыстар қандай?
– 2023 жылдың қаңтар айының 30 жұлдызында №93 ҚР ДСМ және «Ақниет» Қазақстандық Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Ұлттық Денсаулық сақтау палатасы арасындағы 2023-2025жж арналған салалық келісім бойынша дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерінің жалақысы 20 мен 30 пайызға ұлғайды. Жоспар бойынша жұмыс жасап, ай сайын кәсіпорын қызметкерлерінің жалақыларының төленуі қамтамасыз етілсе, материалдық және сауықтыру ақыларына, өнім берушілерге яғни, дәрі-дәрмектерге, азық-түлікке, коммуналдық шығындарға тауар, қызмет көрсеткен жеткізушілерге уақытылы төлем жасалуда. Кәсіпорынға қарасты 3 медициналық нысанға, оның ішінде апатты жағдайда тұрған «Іңкәрдария» ауылдық округте орналасқан фельдшерлік-акушерлік бекетінің күрделі жөндеу жұмыстарына Ұлттық қордан сомасы 53 млн 938 мың теңге қаражат бөлініп, қазіргі уақытта жұмыстар жасалуда. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қалжан Ахун ауылдық округта орналасқан ФАБ күрделі жөндеу жұмыстарына 45 млн 259 мың теңге бөлініп, жұмыстар жасалуда. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша А.Тоқмағанбетов ауылдық округта орналасқан ДА күрделі жөндеу жұмыстарына 84 млн 348 мың теңге бөлініп, жұмыстар жасалуда. Сондай-ақ Аманкелді ауылдық округта орналасқан ДА ғимаратының сұйық отымен (солярка)жанатын бу қазандығынқатты отынмен жанатын бу қазандығына көшіру 2023 жылдың маусым айына жоспарланып, пайдалануға беріледі. Қыс мезгілінде сұйық отынына кететін шығыны 1 млн 50 мың теңге, ал қатты отынына – 236 мың теңге.